Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Петропавл қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы

Петропавл қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы

20 февраля 2018
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) «Нұрлы жол» бағдарламасының «ЖАО арқылы кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
Нысан: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, «Береке» ы.а., Гастелло көшесі, 40 үй мекенжайында орналасқан 75 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй.
Құрылыстың жоспарланған аяқталу мерзімі: аяқталды
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеуде 125 000 теңге.
Жайлылық сыныбы: ІV
Пәтер саны: 4
Пәтер түрі 3 - бөлмелі: 4 пәтер, ең жоғарғы аумағы – 72,15 ш.м.;
Қатысуға өтініш қабылдау мерзімі «Нұрлы жол» бағдарламасына: 20.02.2018 ж. бастап 04.03.2018 ж. дейін
Балл есептелінетін күн (Үміткерлерді іріктеу): 05.03.2018 ж.
Банктің pn.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» өтініш беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне ықпал етпейді.
Өтініш тек қана Банк салымшыларынан қабылданады.
Банктің pn.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толық танысуға болады. Соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін көре аласыздар.
Бөлу тәртібі Банктің pn.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) үшін құжаттардың тізімі Банктің интернет-ресурсында көрсетілген.
Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру