Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Петропавл қаласында "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша қосымша конкурс туралы

Петропавл қаласында "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша қосымша конкурс туралы

4 декабря 2018
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы несиелік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша «Нұрлы жер» бағдарламасына қосымша байқау басталғаны туралы хабарлайды.

Нысан: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, «Береке» ы.а., Малая, 5-ші Сенная көшесі, № 1 үй мекенжайы бойынша орналасқан 78 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй.

Құрылыс нысаны пайдалануға 2017 жылдың қараша айында берілді.

«Таза» әрлеудегі тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: 155 461 теңге.

Пәтерлер сәні: 41
Пәтер түрі 1 бөлмелі: 23 пәтер, ең үлкен аумақ 35.13 ш.м.,
Пәтер түрі 2 бөлмелі: 6 пәтер, ең үлкен аумақ 55,49 ш.м.,
Пәтер түрі 2 бөлмелі: 12 пәтер, ең үлкен аумақ 60,35 ш.м,

Қатысуға өтініш беру мерзімі: 04.12.2018 ж. бастап 19.12.2018 ж. дейін (қоса алғанда).
Баллдарды есептеу күні (үміткерлерді іріктеу) – 20.12.2018 ж.

Өтінішті Банктің www.baspana.kz интернет-ресурсында беруге болады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, пәтерлерді бөлу тәртібімен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде және/немесе Банктің www.baspana.kz интернет-ресурсында егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.

Өтініш беру күні мен уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді. Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.






Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру