Интернет-банк

baspana.kz

Консультанттар

Павлодар қ. тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысу үшін өтініштер қабылдау туралы

Павлодар қ. тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысу үшін өтініштер қабылдау туралы

27 Августа 2015

Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 2015 жылдың 1 қыркүйегі мен 1 қарашасын қоса алғандандағы мерзім аралығында «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында салынып жатқан тұрғын үйден «таза» әрлеудегі пәтерлерді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысуға өтініштер қабылдайтындығы туралы хабарлайды. Пул «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының», «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша ІІ топтың талаптарына сәйкес келетін тұлғалардың ішінен құрылады. Қатысушыларға қойылатын талаптармен Банктің www.hcsbk.kz Интернет-ресурсындағы «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» бөлімінде таныса аласыз.

Нысан – «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» шеңберінде құрылысы жоспарланып жатқан Павлодар облысы, Павлодар қаласы Гагарин-Ворушин көшелерінде орналасқан 72 пәтерлі, 9 қабатты, 2 кіреберісті тұрғын үй құрылысы (барлығы 36 пәтер). Бағасы «таза» әрлеумен 1 шаршы метрге 90 000 теңге.

Құрылыстың аяқталу мерзімі – 2015 жылдың желтоқсан айы.

Өтініштерді Банктің барлық филиалдарында, сонымен қатар Банктің www.hcsbk.kz Интернет-ресурсындағы "Клиенттің жеке кабинетінде" бере аласыз.
Құрылыс нысанасы бойынша неғұрлым толығырақ ақпарат алу және өтініш беру үшін: Павлодар облысы, Павлодар қ., Абай к-сі, 75 үй мекенжайына хабарласу қажет, телефондары: 8 (7182) 209701; 8 (7182) 209200; 8 (7182) 209703; 8 (7182) 209704; 8 (7182) 209705; тел. Факс: 8 (7182) 209700.

Өтініштер «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ салымшыларынан Банктің барлық филиалдарында қабылданады.
Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үй сатып алушылардың пулын қалыптастыру ережелерімен www.hcsbk.kz сайтында «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» бөлімінде танысуға болады.

Ваш город Алматы?
Да
Нет

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру

Сізбен 30 минуттан кейін хабарласады*
*жұмыс кестесі: жұмыс күндері -
09:00-ден 19:00-ге дейін,
сенбі: 10:00-ден 14:00-ге дейін,
демалыс және мереке күндері - демалыс