Құрметті салымшылар!
«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» шеңберінде Павлодар қаласы, (Гагарин, 76 тұрғын үйдің ауданында) Гагарин - Ворушин көшелерінің қиылысында орналасқан 72 пәтерлі, 9 қабатты, 2 кіреберісті тұрғын үй құрылысы бойынша Павлодар облысының әкімдігімен Ынтымақтастық жөніндегі келісімшартқа қол қойылғандығын хабарлаймыз.
Барлығы 72 пәтер, оның ішінде «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ бойынша 36 пәтер, ыңғайлылығы IV санатты пәтер бағасының 1 шаршы метрі 90000 теңге.
Құрылыстың аяқталу мерзімі 2015 жылдың қазан айы.
Тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысуға өтініш қабылдау мерзімі шамамен 2015 жылдың 1 қыркүйегінен бастап.
Банктің Павлодар қ., Абай к-сі №75 үй, байланыс телефондары: 8 (7182) 20-92-02, 20-97-01, 20-97-03, 20-97-04, 20-97-05 мекен-жайында орналасқан филиалында немесе Банктің www.hcsbk.kz Интернет-ресурсында тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулын құру тәртібімен және құрылыс нысанасының суреттемесімен (соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын көру де бар) егжей-тегжейлі танысуға болады.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!