Интернет-банк

baspana.kz

Консультанттар

Бөлімшелер мен терминалдар

Регион

Павлодар қ. «Өз үйім» Банк бағдарламасына қатысу үшін өтініштерді қабылдау басталғаны туралы

Павлодар қ. «Өз үйім» Банк бағдарламасына қатысу үшін өтініштерді қабылдау басталғаны туралы

23 Июля 2018
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) «Өз үйім» бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама) қатысуға өтініш қабылдау арқылы тұрғын үй құрылыс нысандарына дауыс беру жайында хабарлайды.
Нысан: «Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 154/3» мекенжайында орналасқан 2 кіреберісті 9 қабатты №3 тұрғын үй.
Тапсырыс берушінің атауы: «Павлодар» Әлеуметті-кәсіпкерлік корпорация» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы.
Салушының атауы: «ГСУ «Құрылыс» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Құрылыстың аяқталу мерзімі: 2019 ж. ақпан айы.
Тұрғын үй толық дайын күйінде және бекітілген жобаға сәйкес өткізілетін болады.
2 қабаттан 8 қабатқа дейінгі тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны : 146 500 теңге.
1 және 9 қабаттағы тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны : 140 000 теңге.
Жайлылық сыныбы: ІІІ
Пәтер саны: 72,
Пәтер түрі 1-бөлмелі: 14 пәтер, ең жоғарғы аумағы - 47,59 ш.м.;
Пәтер түрі 2-бөлмелі: 28 пәтер, ең жоғарғы аумағы – 65,52 ш.м.;
Пәтер түрі 3-бөлмелі: 14 пәтер, ең жоғарғы аумағы – 79,35 ш.м.;
Пәтер түрі 1-бөлмелі: 4 пәтер, ең жоғарғы аумағы – 47,59 ш.м.
Пәтер түрі 2-бөлмелі: 8 пәтер, ең жоғарғы аумағы – 62,52 ш.м.;
Пәтер түрі 3-бөлмелі: 4 пәтер, ең жоғарғы аумағы – 79,35 ш.м.;
Жобаға қатысу үшін өтініш беру мерзімі: 23.07.2018 ж. бастап 22.08.2018 ж. дейін.
Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау): 23.08.2018 ж
Біліктілік мерзімі (төлем қабілеттілігін бағалау): 28.08.2018 ж-дан 22.09.2018 жылға дейін
Біліктілік (төлем қабілеттілігін бағалау) орны: Банк бөлемшелерінде.
«Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтініш беру үшін өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында кемінде 500 000 (бес жүз мың) теңге жинағы болуы тиіс.
Алдын ала тұрғын-үй қарызын алуға өтініштерді тапсыру барысында өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ есеп шотында таңдап алынған пәтер құнынан кемінде 20% болуы тиіс.
Бағдарламаға қатысуға өтініш бере отырып, Банк Салымшылары Нысандағы пәтерлерді Банк салымшыларына өткізуге дауыс береді. Өтініш қабылдау аяқталған күні Банктің ішкі құжаттарына сәйкес Үміткерлердің/Резервистердің қажетті саны жеткіліксіз болған жағдайда, онда Нысанға қажетті дауыс беру саны жиналмаған деп есептелініп, Бағдарламаға қатысуға берілген өтініштер автоматты түрде жойылады.
Пулда қатысу үшін Банктің интернет-ресурсы www.baspana.kz өтініш тек қана Банк салымшыларынан қабылданады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.
Пәтерлерді бөлу тәртібімен, біліктілік (төлем қабілеттілігін бағалау) бойынша құжаттар тізімін және де құрылыс нысанының сипаттамасымен, ғимарат қасбетінің фото-суреттерімен және пәтерлердің жоспарлануымен Банктің www.hcsbk.kz және/немесе www.baspana.kz интернет-ресурсында танысуға болады.


Ваш город ?
Да
Нет

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру

Сізбен 30 минуттан кейін хабарласады*
*жұмыс күндері сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін,
ал демалыс және мереке күндері
сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін