Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Павлодар қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша қосымша конкурс туралы

Павлодар қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша қосымша конкурс туралы

17 октября 2018
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Жергілікті атқарушы органдар арқылы несие тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында қосымша конкурс өткізілетіндігі жөнінде хабарлайды.
Нысан: «Павлодар қаласы, Циолковский көшесі, 6/1 үй» мекенжайында орналасқан «Сарыарқа» тұрғын үй кешеніндегі 9 қабатты 2 кіреберісті №27 тұрғын үй.
Құрылыстың жоспарлы аяқталу мерзімі: 31.03.2019 жыл.
«Таза» әрленген тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: 125 000 теңге.
Пәтер саны: 1
Пәтер түрі 1-бөлмелі: 1 пәтер, ең жоғарғы аумағы – 41,61 ш.м.;
Жобаға қатысу үшін өтініш беру мерзімі: 18.10.2018 ж. бастап 24.10.2018 ж. дейін.
Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау): 25.10.2018 ж.
Пулға қатысу үшін өтініштер Банктің www.baspana.kz интернет-ресурсында қабылданады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбеті және пәтерлердің жоспарлануымен Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде және/немесе www.baspana.kz порталында егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.
Өтініш беру күні мен уақыты берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді. Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.



Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру