Интернет-банк

baspana.kz

Консультанттар

Бөлімшелер мен терминалдар

Павлодар қаласында «Өз үйім» бағдарламасы бойынша қосымша конкурс туралы

Павлодар қаласында «Өз үйім» бағдарламасы бойынша қосымша конкурс туралы

21 Февраля 2019
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай – Банк) «Өз Үйім» Бағдарламасы бойынша қосымша іріктеу өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
Нысан: Генерал Дюсенов көшесі 138/1, Павлодар қ. мекенжайындағы 9 қабатты, 2 кіреберісті екі тұрғын үй, Коды №1078.
Тапсырыс берушінің атауы: «Павлодар» Әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ
Құрылыстың болжамды аяқталу мерзімі: 2019 ж. ақпан айы
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің бағасы: 165 000 теңге.
Жайлылық сыныбы: ІІІ
Пәтер саны: 4,
Пәтер түрі 2-бөлмелі: 4 пәтер, ең жоғарғы аумағы – 58,10 ш.м.;
«Өз үйім» бағдарламасы бойынша өтініштерді қабылдау мерзімі: 23.02.2019 бастап 05.03.2019 жылға дейін
Балл санау күні (Үміткерлерді іріктеу) : 06.03.2019 жыл
Біліктілік мерзімі (төлеу қабылеттілігін растау): 12.03.2019 жылдан бастап 26.03.2019 жылға дейін.
Іріктеуден өту орны: Банк филиалдары
«Өз үйім» Бағдарламасына өтініш беру үшін өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында кемінде 500 000 (бес жүз мың) теңге болуы керек.
Банктің ішкі құжаттарына сәйкес өтініштерді қабылдау аяқталған күні салымшылардың өтініштері жеткілікті болмаған жағдайда, «Өз үйім» бағдарламасына қатысу үшін ұсынылған өтініштер автоматты түрде жойылады.
Пулға өтініш тек қана Банк салымшыларынан Банктің www.baspana.kz интернет-ресурсында беріледі. Өтініштің берілген күні және уақыты иеленген балл санына және өтініш берушінің кезегіне әсер етпейді.
Үй бөлу тәртібімен, біліктіліктен өту үшін қажет құжаттар тізімі, сонда-ақ ғимарат қасбеттерінің фотосуретін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz немесе www.baspana.kz интернет-ресурсынан көруге болады.

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!