Интернет-банк

baspana.kz

Консультанттар

Бөлімшелер мен терминалдар

Регион

Павлодар қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы

Павлодар қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы

16 Ноября 2017
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай-Банк) «Жергілікті атқарушы органдар арқылы несие тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы қосымша сайыс жөнінде хабарлайды.

Нысан: «Павлодар қаласы, «Сарыарқа» шағын ауданында орналасқан 9 қабатты №4 тұрғын үй құрылысы».
Құрылыстың жоспарлы аяқталу мерзімі: маусым 2017 жыл.
«Таза» әрленген тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: 140 000 теңге.
Жайлылық класы: IV
Пәтер саны: 4
Пәтер түрі 3-бөлмелі: 4 пәтер, ең жоғарғы аумағы – 77,72 ш.м.;
«Нұрлы жол» Бағдарламасына қатысу үшін өтініш беру мерзімі: 17.11.2017 ж. бастап 23.11.2017 ж. дейін.
Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау): 24.11.2017 ж.
Біліктілік мерзімі (төлем қабілеттілігін бағалау): 27.11.2017 ж. бастап 04.12.2017 ж. дейін.
Тұрғын үйді таңдау мерзімі: 27.11.2017 жылдың бастап 07.12.2017 ж. дейін.
Тұрғын үйді бөлу күні: 08.12.2017 ж.
Өтінішті Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» беруге болады. Өтініш беру күні және уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.

Пәтерлерді бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында көрсетілген.

Біліктілікке (төлем қабілеттілігін бағалауға) қажетті құжаттар тізімін Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында көрсетілген.


Ваш город Алматы?
Да
Нет

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!