Павлодар қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында квалификацияның басталуы туралы | Нысан: «Павлодар қаласы, Павлов көшесінде орналасқан «Сарыарқа» тұрғын кешеніндегі 9 қабатты 2 кіреберісті №23 тұрғын үй».
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Павлодар қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында квалификацияның басталуы туралы

Павлодар қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында квалификацияның басталуы туралы

11 шілде 2018
Құрметті салымшылар!
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай-Банк) Нысан құрылысының аяқталуына байланысты квалификациядан (төлем қабілеттілігі) өту қажеттілігі туралы хабарлайды.
Нысан: «Павлодар қаласы, Павлов көшесінде орналасқан «Сарыарқа» тұрғын кешеніндегі 9 қабатты 2 кіреберісті №23 тұрғын үй».
«Таза» әрленген тұрғын үйдің 1 ш. м. бағасы 125 000 теңге.
Банк желісі бойынша пәтерлер саны 3:
Пәтер түрі 3-бөлмелі: 3 пәтер, ең жоғарғы аумағы – 81,69 ш.м.;
Квалификациядан (төлем қабілеттілігі) өту уақыты: 12.07.2018 ж. - 21.07.2018 ж.
Тұрғын үй таңдау мерзімі: 12.07.2018 ж. - 25.07.2018 ж.
Тұрғын үйді бөлу күні: 26.07.2018 жыл.
Пәтерлерді бөлу тәртібімен, біліктілік (төлем қабілеттілігін бағалау) бойынша құжаттар тізімін және де құрылыс нысанының сипаттамасымен, ғимарат қасбетінің фото-суреттерімен және пәтерлердің жоспарлануымен Банктің www.hcsbk.kz және/немесе www.baspana.kz интернет-ресурсында танысуға болады.
Біліктіліктің мерзімі өткеннен кейін біліктілік үшін құжаттар Банкпен қабылданбайды.
Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру