Құрметті салымшылар!
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай-Банк) «Бәйтерек девелопмент» АҚ арқылы кредиттік тұрғын үй құрылысы бағыты бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасына (әрі қарай - Бағдарлама) қатысу үшін өтініштерді қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы жобаларын іске асыруға дауыс беру туралы хабарлайды.
Нысан: «Павлодар қаласы, Суворов көшесінде 9 қабатты 4 кіреберісті № 1 және №2 екі тұрғын үй құрылысы» Павлодар қаласы, Суворов көшесінде мекен-жайы бойынша орналасқан.
Құрылыстың жоспарлы аяқталу мерзімі: 2017 жылдың мамыр айы.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің бағасы : «таза» әрлеумен 180 362 теңге.
Жайлылық класы: III.
Пәтер саны: 360.
1-бөлмелі пәтер түрі: 144 пәтер, максималды көлемі – 38,51 ш.м.
2-бөлмелі пәтер түрі: 144 пәтер, максималды көлемі – 57,57 ш.м.
3-бөлмелі пәтер түрі: 72 пәтер, максималды көлемі – 75,36 ш.м.
Жобаға қатысу үшін өтініштерді қабылдау мерзімі: 2016 жылдың 09 қарашасынан бастап 09 желтоқсанына дейін.
Баллдарды есептеу күні (үміткерлерді іріктеу): 12 желтоқсан 2016 жыл.
Өтінішті Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» беруге болады. Өтініш беру күні және уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Банк салымшылары Бағдарламаға қатысу үшін өтініш беру арқылы Нысанды іске асыруға келісу үшін дауыс береді. Нысанды келісу кезінде, салымшылардың өтініштері әрі қарай Бағдарламаға қатысу үшін қабылданады. Банктің ішкі құжаттарына сәйкес салымшылардың өтініштерінің саны Нысанды келісу үшін өтініштерді қабылдауды аяқтау күніне дейін Банкке жеткілікті түрде берілмесе, берілген өтініштердің автоматты түрде күші жойылады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.
Қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда Банктің Байланыс-орталығына хабарласуыңызды сұраймыз.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!