Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
«Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдау туралы хабарлама

«Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдау туралы хабарлама

19 ақпан 2019
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) «Өз үйім» бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама) қатысуға өтініш қабылдау туралы хабарлайды.
Нысан: «Сапа» ТК», 3 кезек (5 және 6 блок-секциялар), Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, 137 есептік кварталы, 884 жер телімі мекен-жайында орналасқан.
Тапсырыс берушінің/Құрылыс салушының атауы: «ККК Инжиниринг» ЖШС.
Құрылыстың болжамды аяқталу мерзімі: 2019 жылдың шілде айы.
Тұрғын үй толық дайын күйінде және бекітілген жобаға сәйкес өткізілетін болады:
Ішкі әрлеу - таза әрлеудің алдындағы деңгейде.
Терезелер – темірпластикті жеке дайындалған қос стеклопакеттер.
Есіктер – 1.236-5 в.2 сериясы бойынша өртке қарсы темірден жасалған (ішкі), темірден жасалған, жылытылған, жеке дайындалған (сыртқы).
Қабырғалар мен төбелері – цементті-құмды ерітіндімен сыланған.
Едендер – полистиролбетонды тартпа.
Тұрғын үйдің 1 шаршы м. құны: 160 000 теңге
Жайлылық сыныбы: III, IV.
Пәтер саны: 36, соның ішінде:
Пәтер түрі 1-бөлм.: 18 пәтер;
Пәтер түрі 2-бөлм.: 9 пәтер;
Пәтер түрі 3-бөлм.: 9 пәтер.

«Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдау мерзімі: 25.02.2019 ж. бастап 17.03.2019 ж. дейінгі күнді қоса алғанда.
Балл есептелетін күн (Үміткерлерді іріктеу): 18.03.2019 ж.
Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) мерзімі: 06.05.2019 ж. бастап 26.05.2019 ж. дейінгі күнді қоса алғанда.
Іріктеу орны: Қарағанды қ.
«Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтініш беру үшін өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында кемінде 500 000 (бес жүз мың) теңге жинағы болуы тиіс.  
Алдын ала тұрғын үй заемын алуға өтініш беру өтініш берушінің  тұрғын үй құрылыс жинақ шотында таңдалған пәтер құнының кемінде 20%-ы көлемінде тұрғын үй құрылыс жинағы болғанда мүмкін болады.
Бағдарламаға қатысуға өтініш бере отырып, Банк Салымшылары Нысандағы пәтерлерді Банк салымшыларына өткізуге дауыс береді. Өтініш қабылдау аяқталған күні Банктің ішкі құжаттарына сәйкес Үміткерлердің/Резервистердің [Іріктелген үміткерлер] қажетті саны жеткіліксіз болған жағдайда, онда Нысанға қажетті дауыс беру саны жиналмаған деп есептелініп, Бағдарламаға қатысуға берілген өтініштердің күші автоматты түрде жойылады.
Пулға қатысуға өтініш тек қана Банк салымшыларынан Банктің baspana.kz интернет-ресурсында беріледі. Өтініш беру күні мен уақыты берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.
Тұрғын үйді бөлу тәртібімен, іріктеуге (төлем қабілеттілігін бағалау) қажет құжаттар тізімімен, сонымен қатар ғимарат қасбетінің фото-суреттерімен және пәтерлердің/жеке тұрғын үйлердің жоспарлануымен Банктің www.hcsbk.kz және/немесе baspana.kz интернет-ресурсында танысуға болады.  

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру