Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
«Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдау арқылы тұрғын үй құрылыс нысандарына дауыс беру жайында.

«Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдау арқылы тұрғын үй құрылыс нысандарына дауыс беру жайында.

20 апреля 2017
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) «Өз үйім» бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама) қатысуға өтініш қабылдау арқылы тұрғын үй құрылыс нысандарына дауыс беру жайында хабарлайды.
Нысан: Жапсарлас салынған үй-жайлары мен паркингтері бар көппәтерлі тұрғын үй кешені («Сарыжайлау» КТК), Қорғалжың тас жолы мен №Е430, №Е370 көшелерінің (жобалық атауы) қиылысындағы аудан, орналасқан мекенжайы: Астана қ., Есіл ауданы, Қорғалжың тас жолы, №31 жер телімі.
Тапсырыс берушінің атауы: «Экотон строй инвест» ЖШС.
Құрылыстың болжалды аяқталу мерзімі: 2017 жылдың маусымы.
Тұрғын үй толық дайын күйінде және бекітілген жобаға сәйкес өткізілетін болады.
Тұрғын үйдің 1 шаршы м. құны: 250 000 теңге
Жайлылық сыныбы: III
Пәтер саны: 175, соның ішінде:
Пәтер түрі 1-бөлм.: 73 пәтер, ең үлк. ауданы 50,36 шаршы м.,
Пәтер түрі 2-бөлм.: 97 пәтер, ең үлк. ауданы 71,44 шаршы м.,
Пәтер түрі 3-бөлм.: 5 пәтер, ең үлк. ауданы 91,4 шаршы м.

«Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдау мерзімі: 02.05.2017 жылдан бастап 28.05.2017 жылға дейін.
Балл есептелетін күн (Үміткерлерді іріктеу): 29.05.2017 жыл.
«Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтініш беру үшін өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында кемінде 500 000 (бес жүз мың) теңге жинағы болуы тиіс.
Бағдарламаға қатысуға өтініш бере отырып, Банк Салымшылары Нысандағы пәтерлерді Банк салымшыларына өткізуге дауыс береді. Өтініш қабылдау аяқталған күні Банктің ішкі құжаттарына сәйкес Үміткерлердің/Резервистердің қажетті саны жеткіліксіз болған жағдайда, онда Нысанға қажетті дауыс беру саны жиналмаған деп есептелініп, Бағдарламаға қатысуға берілген өтініштер автоматты түрде жойылады.
Банктің интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет банкте» өтініш беруге болады: www.hcsbk.kz. Өтініш беру күні мен уақыты берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініш тек қана Банк салымшыларынан қабылданады.
Құрылыс нысанының сипаттамасымен, ғимарат қасбетінің фото-суреттерімен және пәтерлердің жоспарлануымен Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында танысуға болады.
Бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру