Интернет-банк

baspana.kz

Консультанттар

Бөлімшелер мен терминалдар

Регион

«Өз үйім» Банк бағдарламасына қатысу үшін өтініштерді қабылдау басталғаны туралы хабарландыру.

«Өз үйім» Банк бағдарламасына қатысу үшін өтініштерді қабылдау басталғаны туралы хабарландыру.

28 Апреля 2017

Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) «Өз үйім» бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама) қатысуға өтініш қабылдау арқылы тұрғын үй құрылыс нысандарына дауыс беру жайында хабарлайды.

Нысан: «Алматы қ. Наурызбай ауданы, Шұғыла ықшам ауданында орналасқан 9-қабатты тұрғын үйлер».

Тапсырыс берушінің атауы: «ТИМУС – construction» ЖШС.

Құрылыстың болжалды аяқталу мерзімі: 2017 жылдың тамыз айы.

Тұрғын үй толық дайын күйінде және бекітілген жобаға сәйкес өткізілетін болады.

Тұрғын үйдің 1 шаршы м. құны: 220 000 теңге

Жайлылық сыныбы: ІV

Пәтер саны: 496, соның ішінде:

Пәтер түрі 1-бөлм.: 126 пәтер, ең үлк. ауданы 39,15 шаршы м.,

Пәтер түрі 1-бөлм.: 118 пәтер, ең үлк. ауданы 44,26 шаршы м.,

Пәтер түрі 2-бөлм.: 118 пәтер, ең үлк. ауданы 61,72 шаршы м.,

Пәтер түрі 3-бөлм.: 126 пәтер, ең үлк. ауданы 74,75 шаршы м.

Пәтер түрі 3-бөлм.: 8 пәтер, ең үлк. ауданы 83,82 шаршы м.

«Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдау мерзімі: 01.05.2017 жылдан бастап 31.05.2017 жылға дейін.

Балл есептелетін күн (Үміткерлерді іріктеу): 01.06.2017 жыл.

«Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтініш беру үшін өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында кемінде 500 000 (бес жүз мың) теңге жинағы болуы тиіс. 

Алдын ала тұрғын үй займын алуға өтінішті тапсыру, өтініш тапсырушының тұрғын үй құрылыс жинақ шотында таңдап алынған пәтер бағасынан кемінде 30% болған жағдайда ғана мүмкін.

Бағдарламаға қатысуға өтініш бере отырып, Банк Салымшылары Нысандағы пәтерлерді Банк салымшыларына өткізуге дауыс береді. Өтініш қабылдау аяқталған күні Банктің ішкі құжаттарына сәйкес Үміткерлердің/Резервистердің қажетті саны жеткіліксіз болған жағдайда, онда Нысанға қажетті дауыс беру саны жиналмаған деп есептелініп, Бағдарламаға қатысуға берілген өтініштер автоматты түрде жойылады.

Банктің интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет банкте» өтініш беруге болады: www.hcsbk.kz. Өтініш беру күні мен уақыты берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.

Өтініш тек қана Банк салымшыларынан қабылданады.

Құрылыс нысанының сипаттамасымен, ғимарат қасбетінің фото-суреттерімен және пәтерлердің жоспарлануымен Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында танысуға болады. 

Бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Ваш город ?
Да
Нет

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру

Сізбен 30 минуттан кейін хабарласады*
*жұмыс күндері сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін,
ал демалыс және мереке күндері
сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін