Интернет-банк

baspana.kz

Консультанттар

Қостанай қ. тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысу үшін өтініштер қабылдау туралы

Қостанай қ. тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысу үшін өтініштер қабылдау туралы

27 Августа 2015

Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 2015 жылғы 1 қыркүйектен бастап 31 қазанды қоса есептегендегі аралықта «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» шеңберінде II топқа қойылатын  талаптарға сәйкес, Халықтың барлық санатына арналған Текстильщиков к-сі, 4 А  үй ауданында орналасқан  көпқабатты тұрғын үй құрылыс объектісі бойынша өтініштер қабылдайтындығын хабарлайды (Банк желісі бойынша барлығы 41 пәтер). «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» шеңберінде жоспарланып отырған құрылыс объектісінде  1 шаршы метрдің таза өңдеудегі  құны  90 000 теңгені құрайды.

Құрылыс жұмыстарының аяқталу мерзімі: 2015 жылдың желтоқсан айы.

Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын  талаптармен  Банктің www.hcsbk.kz интернет – ресурсындағы «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» бөлімінде танысуға болады. Өтініштерді Банктің  www.hcsbk.kz интернет – ресурсындағы «Салымшының жеке кабинеті» арқылы  беруге болады. 

Өтініштерді Банк салымшылары ғана  бере алады.

Тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылар тізімі және құрылыс объектісінің сипаттамасымен (құрылыстың сыртқы келбеті мен пәтерлердің жоспары) «Қостанай облысы, Қостанай қаласы, әл-Фараби даңғылы, 67, байланыс телефоны: 8 (7172) 530277» мекенжайында орналасқан Банк филиалында немесе Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында таныса аласыздар.

 

Ваш город Алматы?
Да
Нет

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру

Сізбен 30 минуттан кейін хабарласады*
*жұмыс кестесі: жұмыс күндері -
09:00-ден 19:00-ге дейін,
сенбі: 10:00-ден 14:00-ге дейін,
демалыс және мереке күндері - демалыс