Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Қостанай қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдау арқылы дауыс берудің басталғаны туралы

Қостанай қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдау арқылы дауыс берудің басталғаны туралы

3 октября 2017
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай-Банк) «Жеке құрылыс компаниялары тарапынан тұрғын үй құрылысын ынталандыру» бағыты бойынша «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы жобаларын іске асыруға дауыс беру басталағаны туралы хабарлайды.

Нысан: «Қостанай қ-да Солтүстік-Батыс шағын ауданында орналасқан көппәтерлі тұрғын үй бөлігінің құрылысы (В, Г секциясының ЖТ б/ша № 20 үй)», нысан коды 439.
Құрылыстың жоспарланған аяқталу мерзімі: 25 желтоқсан 2017 жыл.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеуде 150 000 теңге.
Жайлылық сыныбы: ІІІ
Пәтер саны: 8,
Пул № 1, пәтер түрі 1А: бір бөлмелі, 5 пәтер, 9 қабат, ең үлкен аумағы – 47,55 ш.м.
Пул № 2, пәтер түрі 2А: екі бөлмелі, 1 пәтер, 9 қабат, ең үлкен аумағы – 68,22 ш.м.
Пул № 3, пәтер түрі 2Б: екі бөлмелі, 2 пәтер, 9 қабат, ең үлкен аумағы – 76,52 ш.м.

Қатысуға өтініш қабылдау мерзімі: 02 қазан 2017 ж. бастап 01 қараша 2017 ж. дейін.
Балл есептелінетін күн (Үміткерлерді іріктеу): 02.11.2017 ж.
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» өтініш беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне ықпал етпейді.
Өтініш тек қана Банк салымшыларынан қабылданады.
«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасына қатысуға өтініш беріп, Банк салымшылары Нысан жіне оның әрі-қарай жүзеге асырылуы үшін дауыс береді.
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толық танысуға болады. Соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін көре аласыздар.
Қосымша сұрақтар туған жағдайда, 300 нөмірі арқылы (ұялы телефоннан қоңырау соғу тегін) Банктің Байланыс орталығына хабарласуыңызды өтінеміз.




Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру