Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Өскемен қаласында тұрғын үйдің техникалық сипаттамаларын өзгерту туралы

Өскемен қаласында тұрғын үйдің техникалық сипаттамаларын өзгерту туралы

12 сентября 2018
Құрметті салымшылар!

2017 жылғы 28 тамыздан бастап 2017 жылғы 27 қыркүйекке дейінгі мерзім аралығында «Жергілікті атқару органдары (бұдан әрі – ЖАО) арқылы кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасы (әрі қарай- Бағдарлама) «ШҚО, Өскемен қаласы, 19 тұрғын аудан, 3 орамда орналасқан инженерлік желілері бар көпқабатты тұрғын үйлер құрылысы (119 ұстаным)», нысан коды 359 (әрі қарай- Нысан) жобасын іске асыру үшін дауыс берілді.
Салымшылардың (депозиторлардың өтініштерін қабылдау) дауыс беруі нәтижесінде Объект келісілген деп танылды және Банктің салымшыларына тұрғын үйді сату мүмкіндігі анықталды.
«Өскемен қаласы Құрылыс басқармасы» ММ-нің Банкке жолдаған хатына сәйкес тұрғын үйдің техникалық сипаттамасы: едендегі материал ламинаттан линолеумга өзгертілді.
Осы өзгерістермен келіспеген жағдайда, салымшылар «Нұрлы Жол» тұрғын үй құрылысы бағдарламасына қатысуға берген өтінімдерді Банкке келіп өтінімнің күшін жоя алады.
Сонымен қатар, осы хабарландыруды орналастырған күннен бастап егер Банк Банкке 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде күшін жою туралы өтінімді қабылдамаса, Банк осы өзгерістермен салымшының келісімін қарастырады.

Банк «Нұрлы Жол» Тұрғын үй құрылысы бағдарламасына қатысуды жалғастыруға ниет білдірген салымшыларға «Нұрлы жол» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының тәртібі мен шарттарына сәйкес тұрғын үйді одан әрі сатуды жалғастырады.
Осы Нысан бойынша дауыс берген және өтінімнің күшін жойған салымшылар «Нұрлы жол» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша Банктің басқа да тұрғын үй жобаларын іске асыруға өтініш бере алады.
Жоспарланған құрылыс нысандары туралы жаңалықтарды Банктің www.hcsbk.kz, www.baspana.kz. Интернет-ресурстарында қадағалауларыңызды сұраймыз.
Қосымша сұрақтар туған жағдайда, 300 нөмірі арқылы (ұялы телефоннан қоңырау соғу тегін) Банктің Байланыс орталығына хабарласуыңызды өтінеміз.
Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру