Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Өскемен қаласында қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы

Өскемен қаласында қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы

22 сентября 2017
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ ШҚО Өңірлік жобасы бойынша қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
Нысан: «ШҚО, Өскемен қаласы, Қаныш Сәтпаев даңғылы, 2/2 мекенжайында орналасқан көппәтерлі тұрғын үй».
Құрылыстың жоспарлы аяқталу мерзімі: 30.09.2016 ж.
Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: «таза» әрленгенде 141 000 теңге.
Жайлылық класы: III.
Банк желісі бойынша пәтерлер саны 12, олардың ішінде:
Пәтер түрі 1-бөлмелі: 12 пәтер, ең жоғарғы аудан 45,05 ш.м.
Өңірлік жобаға қатысуға өтініш қабылдау мерзімі: 25.09.2017 жылдан бастап 02.10.2017 жылға дейін.
Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау): 03.10.2017 жыл.
Іріктеу мерзімі (төлемқабілеттілігін бағалау): 09.10.2017 жылдан бастап 20.10.2017 жылға дейін.
Тұрғын үй таңдау кезеңі: 09.10.2017 жылдан бастап 26.10.2017 жылға дейін.
Тұрғын үйді бөлу күні: 27.10.2017 жыл.
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» өтініш беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне ықпал етпейді.
Өтініш тек қана Банк салымшыларынан қабылданады.
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толық танысуға болады. Соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін көре аласыздар.
Бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) үшін құжаттардың тізімі Банктің интернет-ресурсында көрсетілген.
Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру