Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Өскемен қаласында «Өз үйім» бағдарламасына қатысу үшін өтініш қабылдау арқылы тұрғын үй нысанына дауыс беру туралы

Өскемен қаласында «Өз үйім» бағдарламасына қатысу үшін өтініш қабылдау арқылы тұрғын үй нысанына дауыс беру туралы

3 мамыр 2018
Құрметті салымшылар!
«Қазақстанның тұрғын құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) «Өз үйім» бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама) қатысуға өтініш қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы нысандарына дауыс беру туралы хабарлайды.
Нысан: «Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қ., Қ.Сәтпаев даңғылы бойындағы Сол жағалауда орналасқан тұрғын үй кешені. 1, 2, 3, 4, 5 айқындама және коммерциялық үй-жайлар (сыртқы инженерлік желілерсіз).
Құрылыстың жоспарлы аяқталу мерзімі: 2018 жылдың тамыз айы.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің бағасы : 165 000 теңге.
Жайлылық класы: III
Пәтер саны: 216, онын ішінде:

Пәтер түрі 1-бөлмелі, 104 пәтер,
Пәтер түрі 2-бөлмелі, 64 пәтер,
Пәтер түрі 3-бөлмелі, 48 пәтер.

Жобаға қатысу үшін өтініштерді қабылдау мерзімі: 2018 жылдың 14 мамырынан бастап 2018 жылдың 13 маусымына дейін.
Балл есептелінетін күн (Үміткерлерді іріктеу): 14 маусым 2018 жыл.
Біліктілік мерзімі (төлем қабілеттілігін бағалау): 20.08.2018 ж-дан 19.09.2018 жылға дейін
«Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтініш беру үшін өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында кемінде 500 000 (бес жүз мың) теңге жинағы болуы тиіс.
Өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында таңдалған пәтер (Нысандағы үлес) құнының кемінде 30%-ы көлемінде тұрғын үй құрылыс жинағы болғанда алдын ала тұрғын үй заемын алуға өтініш беру мүмкін болады.
Бағдарламаға қатысуға өтініш бере отырып, Банк Салымшылары Нысандағы пәтерлерді (Нысандағы үлес) Банк салымшыларына өткізуге дауыс береді. Өтініш қабылдау аяқталған күні Банктің ішкі құжаттарына сәйкес Үміткерлердің/ қажетті саны жеткіліксіз болған жағдайда, онда Нысанға қажетті дауыс беру саны жиналмаған деп есептелініп, Бағдарламаға қатысуға берілген өтініштердің күші автоматты түрде жойылады.
Банктің интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет банкте» өтініш беруге болады: www.hcsbk.kz. Өтініш беру күні мен уақыты берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініш тек қана Банк салымшыларынан қабылданады.
Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетінің фото-суреттерімен және пәтерлердің жоспарлануымен Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында танысуға болады.
Бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Біліктілік (төлем қабілеттілігін бағалау) бойынша құжаттар тізімі Банктің www.hcsbk.kz интернет-сайтында көрсетілген.
Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру