Құрметті салымшылар!
2015 жылғы 30 шілде мен 30 қыркүйек аралығында Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының ІІ бағыты бойынша «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» талаптарына сәйкес келетін адамдардан құрылатын «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының «Орал-Атырау, Орал-Саратов тас жолдары бойындағы көп қабатты құрылыстар ТЖЖ-дағы №32 телімде, 10-9 қабатты тұрғын үйлер кешені (барлығы 72 пәтер), бағасы – 1 ш.м. үшін 100 000 теңге «таза» өңделген пәтерлерді сатып алушылар мен жалдаушылар пулына қатысуға өтініштер қабылданатыны туралы хабарлайды. Құрылыстың аяқталу мерзімі: 2015 жылдың 30 қазаны. Қатысушыларға қойылатын талаптармен Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсының «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» бөлімінде танысуға болады. Өтініштерді Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетінде» бере аласыздар. Өтініштер тек Банк салымшыларынан қабылданады. Орал қаласы, М.Маметова, 111 үй мекенжайында орналасқан Банктің филиалында, не Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үй сатып алушылар мен жалға алушылар пулдарын құру тәртібімен және құрылыс объектісінің сипаттамасымен толығырақ танысып, ғимарат қасбеті мен пәтерлер жоспарын көруге болады.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!