Интернет-банк

baspana.kz

Консультанттар

Бөлімшелер мен терминалдар

Орал қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы

Орал қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы

26 Января 2018
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) «Нұрлы жол» бағдарламасының «Жергілікті атқарушы органдар» (бұдан әрі - ЖАО) арқылы кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша қосымша байқау туралы хабарлайды.
Нысан: БҚО, Орал қаласының Орал-Атырау және Орал-Саратов тас жолдары бойындағы ТЖЖ-да орналасқан көп қабатты құрылыстар, №33-айқындама.

Құрылыстың аяқталу мерзімі: 2017 жылдың қараша айында
«Таза» әрленген тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: 129 000 теңге.
Жайлылық класы: 4
Пәтер саны: 11, оның ішінде:
3-бөлмелі пәтер түрі: 7 пәтер – ең жоғарғы көлемі 83,63 шаршы метр 8, 9 қабаттарда.
3-бөлмелі пәтер түрі: 4 пәтер –ең жоғарғы көлемі 93,21 шаршы метр 6, 7, 8, 9 қабаттарда,
Жобаға қатысу үшін өтініштер қабылдау мерзімі: 2018 жылдың 25 қаңтарынан - 7 ақпаны аралығында.
Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау): 2018 жылдың 8 ақпаны
Іріктеу мерзімі (төлем қабілеттілігін бағалау): 2018 жылдың 14 ақпанынан 28 ақпаны аралығында.
Тұрғын үй таңдау кезеңі: 2018 жылдың 14 ақпанынан –12 наурызға дейін.
Тұрғын үйді бөлу күні: 2018 жылдың 12 наурыз.
Банктің www.hcsbk.kz, ph.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» өтініш беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне ықпал етпейді.
Өтініш тек қана Банк салымшыларынан қабылданады.
Банктің www.hcsbk.kz, ph.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толық танысуға болады. Соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін көре аласыздар.
Бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz, ph.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) үшін құжаттардың тізімі Банктің интернет-ресурсында көрсетілген.



ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!