Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Орал қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасына қатысу үшін өтініштерді қабылдау арқылы дауыс берудің басталғаны туралы

Орал қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасына қатысу үшін өтініштерді қабылдау арқылы дауыс берудің басталғаны туралы

27 апреля 2018
Құрметті салымшылар!
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) жеке құрылыс салушылармен тұрғын үй құрылысын ынталандыру бағыты бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасына қатысу үшін өтініштерді қабылдау арқылы дауыс беру басталғаны туралы хабарлайды.
Нысан: «Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Құрманғазы көшесі, 198 үй» мекенжайы бойынша орналасқан 198 тұрғын үй (Құрманғазы).

Құрылыстың аяқталу мерзімі: 31.08.2018 жыл
«Таза» әрленген тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: 170 000 теңге.
Жайлылық класы: 3
Пәтер саны: 38, оның ішінде:
2-бөлмелі пәтер түрі: 8 пәтер – ең жоғарғы көлемі 65,58 шаршы метр;
2-бөлмелі пәтер түрі: 8 пәтер – ең жоғарғы көлемі 68,30 шаршы метр;
2-бөлмелі пәтер түрі: 11 пәтер –ең жоғарғы көлемі 82,72 шаршы метр;
3-бөлмелі пәтер түрі: 11 пәтер –ең жоғарғы көлемі 88,26 шаршы метр;

Жобаға қатысу үшін өтініштер қабылдау мерзімі: 2018 жылдың 02 мамыры мен 31 мамыры аралығында.
Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау): 2018 жылдың 01 маусымы
Іріктеу мерзімі (төлем қабілеттілігін бағалау): 2018 жылдың 04 маусымы мен 03 шілдесі аралығында.
Тұрғын үй таңдау кезеңі: 2018 жылдың 04 маусымынан 10 шілдесіне дейін.
Тұрғын үйді бөлу күні: 2018 жылдың 11 шілдесі.
Жеке құрылыс салушылармен тұрғын үй құрылысын ынталандыру бағыты бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасына қатысуға өтініш беру үшін өтініш берушінің жеке шотында 500 000 (бес жүз мың) теңгеден кем емес тұрғын үй құрылыс жинағы болу қажет.

Банктің www.hcsbk.kz, ph.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» өтініш беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне ықпал етпейді.
Өтініш тек қана Банк салымшыларынан қабылданады.
«Нұрлы жол» бағдарламасына қатысу үшін өтініш беру арқылы, Банк салымшылары нысанға және оның әрі өткізілуіне дауыс береді.
Аралақ қарыз алу ушін өтініш беру Өтініш берушінің жинақ шотында таңдалған пәтер құнының 50%-нан кем емес тұрғын үй құрылыс жинағы болған жағдайда мүмкін.
Банктің www.hcsbk.kz, ph.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толық танысуға болады. Соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін көре аласыздар.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, 300 (ұялы телефоннан тегін) нөмірі бойынша Банктің Колл-орталығына хабарласуыңызға болады.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру