Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Орал қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы

Орал қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы

16 октября 2017
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) «Нұрлы жол» бағдарламасының «Жергілікті атқарушы органдар» (бұдан әрі - ЖАО) арқылы «Кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
Нысан: «БҚО, Орал қаласының Орал-Саратов және Орал-Атырау тас жолдары бойындағы 9 қабатты тұрғын үй құрылысы кешені, №5 айқындама».
Құрылыстың аяқталу мерзімі: шілде 2017 ж.
«Таза» әрленген тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: 133 000 теңге.
Жайлылық класы: 4
Пәтер саны: 17, оның ішінде:
3-бөлмелі пәтер түрі: 17 пәтер – 1, 5, 6, 7, 8, 9 қабаттарда, ең жоғарғы көлемі 83,32 шаршы метр
Жобаға қатысу үшін өтініштер қабылдау мерзімі: 19 қазан 2017ж. мен 26 қазан 2017ж. аралығы.
Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау): 27 қазан 2017ж.
Іріктеу мерзімі (төлем қабілеттілігін бағалау): 30 қазан 2017ж. мен 10 қараша 2017ж. аралығы.
Тұрғын үй таңдау кезеңі: 30 қазан 2017ж. бастап 17 қараша 2017ж. дейін.
Тұрғын үйді бөлу күні: 17 қараша 2017ж.
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» өтініш беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне ықпал етпейді.
Өтініш тек қана Банк салымшыларынан қабылданады.
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толық танысуға болады. Соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін көре аласыздар.
Бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) үшін құжаттардың тізімі Банктің интернет-ресурсында көрсетілген.
Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру