Құрметті салымшылар!
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай - Банк) «Несиелік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үйді пулды құрусыз өткізу туралы хабарлайды.Нысан: Атырау қаласы, Береке ықшам ауданы, уч. 19,76 га мекен – жайы бойынша орналасқан «Екі 72 пәтерлік тұрғын үй, №20,21 дақтар», нысанның коды – 1318.
Тұрғын үйді пулды құрусыз өткізу арқылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына қатысуға өтініш беру мерзімі: 2021 жылғы 21 қаңтардан бастап 2021 жылғы 18 ақпанға дейін (қоса алғанда).
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, пәтерлерді бөлу тәртібімен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бөлімінде және/немесе Банктің baspana.kz интернет-ресурсында егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!