Құрметті салымшылар!
"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру шеңберінде төменде көрсетілген нысан бойынша төлемқабілеттілікті растау мерзімінің ұзартылғаны туралы хабарлайды:.
Нысан: «БҚО, Бөрлі ауданының, Ақсай қаласындағы Қарашығанақ-1 ықшам ауданындағы 9 қабатты көп пәтерлі тұрғын үй салу(39-белгі, сыртқы инженерлік желілерсіз)». Нысан мекенжайы: Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, 10 ықшам аудан, 20 үй, нысанның коды: 6155.
Төлемқабілеттілікті растау мерзімі: 25.05.2026 жылдан бастап 04.06.2026 жылға дейін (қоса алғанда).
Тұрғын үйді таңдау кезеңі: 25.05.2026 жылдан бастап 08.06.2026 жылға дейін (қоса алғанда).
Тұрғын үйді бөлу күні: 09.06.2026 жыл.
Тұрғын үйді бөлу тәртібімен, төлемқабілеттілікті растауға қажетті құжаттар тізімімен, сондай-ақ ғимараттың қасбеттерінің фотосуреттерін және пәтерлердің орналасуын Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталынан көруге болады.
Төлемқабілеттілікті растау мерзімі өткеннен кейін Банк құжаттарды қабылдамайды.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!