Құрметті салымшылар!
"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру шеңберінде төменде көрсетілген нысан бойынша төлемқабілеттілікті растау мерзімінің ұзартылғаны туралы хабарлайды:.
Нысан: «БҚО Орал қ. Ақжайық ЕТЖК 4 шағын ауданындағы 1, 2 квартал көп пәтерлі тұрғын үйлер кешенінің құрылысы. № 9 үй (абаттандыру және инженерлік желілерсіз)», орналасқан жері: Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Зачаганск кенті, 4 шағын ауданы, үй 13, нысанның коды: 6163.
Төлемқабілеттілікті растау мерзімі: 31.03.2026 жылдан бастап 17.04.2026 жылға дейін (қоса алғанда).
Тұрғын үйді таңдау кезеңі: 31.03.2026 жылдан бастап 22.04.2026 жылға дейін (қоса алғанда).
Тұрғын үйді бөлу күні: 23.04.2026 жыл.
Тұрғын үйді бөлу тәртібімен, төлемқабілеттілікті растауға қажетті құжаттар тізімімен, сондай-ақ ғимараттың қасбеттерінің фотосуреттерін және пәтерлердің орналасуын Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталынан көруге болады.
Төлемқабілеттілікті растау мерзімі өткеннен кейін Банк құжаттарды қабылдамайды.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!