Құрметті қатысушылар!
"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде "Сатып алу құқығымен жалдамалы тұрғын үй" бағытына қатысуға өтініштердің қабылданғаны туралы хабарлайды. Бағдарлама Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы - "Қазақстандық тұрғын үй компаниясы" АҚ арқылы іске асырылады.
Нысан: «Многоквартирный жилой дом в селе Туздыбастау жилой комплекс Керуен», орналасқан мекенжайы:Алматинская область, Талгарский район, Туздыбастауский сельский округ, село Туздыбастау, улица Аңырақай
Тұрғын үй түрі 1: 10 пәтер, максималды ауданы 50,10 ш.м
Тұрғын үй түрі 2: 29 пәтер, максималды ауданы 52,70 ш.м
Тұрғын үй түрі 3: 4 пәтер, максималды ауданы 76,90 ш.м
Өтінім қабылдау күні: 23.10.2026 жылдан 27.10.2026 жыл аралығы
Іріктеу: 28.10.2026 жыл.
Қатысушыларды іріктеу есепке қою күні бойынша жүзеге асырылады. Тіркеуге қою күндері бірдей болған жағдайда, басымдық өтінімді бұрын берген үміткерге — оны ұсыну күні мен уақытына сәйкес беріледі.
Қатысушының төлеу қабілеттілігін тексеру жауапкершілігі тұрғын үй құрылысын жүзеге асыратын бірыңғай оператор – "Қазақстан тұрғын үй компаниясы" АҚ-ға жүктеледі.
Өтініш беру Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында жүзеге асырылады.
Өтініштер "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық дерекқорында кезекте тұрған қатысушылардан ғана қабылданады.
Есепке қою және мәртебені тексеру ресми веб-сайт арқылы жүзеге асырылады: https://orken.otbasybank.kz/.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Байланыс орталығына келесі нөмір бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: 300 (ұялы телефоннан тегін).
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!