Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Түркістан облысының Түркістан қаласында «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы бойынша пәтерлерге өтінім қабылдау басталады

Түркістан облысының Түркістан қаласында «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы бойынша пәтерлерге өтінім қабылдау басталады

15 қыркүйек 2026

Құрметті тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепте тұрған азаматтар, 2026 жылғы 14 қыркүйектен 23 қыркүйекке дейін «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылдау басталады.

Бағдарлама «Қазақстанның тұрғын үй компаниясы» АҚ «Отбасы банк» АҚ-мен бірлесіп жүзеге асырылады.

Өтінімді порталында беруге болады: https://baspana.otbasybank.kz

Қатысу үшін жеке кабинетке авторизациядан өтіп, «ҚЖК АҚ-ның жалға берілетін тұрғын үйі» бөліміне өту қажет.

Кім өтінім бере алады?

Павлодар облысы бойынша «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепте тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары мен қандастар.

Бағдарламаның шарттары:

  • Жалдау мерзімі: 20 жылға дейін
  • Сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 3,1%
  • Бастапқы жарна: талап етілмейді
  • Жалдау құны: 1 шаршы метріне 2 199,41 теңге
  • Мерзімінен бұрын сатып алу: қалдық құны бойынша мүмкін
  • Жалдау мерзімі аяқталғаннан кейін тұрғын үй жалға алушының меншігіне өтеді.

Нысанның орналасқан жері: Түркістан қ, Жаңа қала мөлтек ауданы, Арман к., №23 үй, №28үй

Пәтер саны: 3 үш бөлмелі және 2 екі бөлмелі пәтерлер.

Пәтерлердің ауданы: 2бөлмелі - 61-дан 64,1 шаршы метрге дейін, 3 бөлмелі-96,4 шаршы метр

Ай сайынғы жалдау төлемі: 2бөлмелі – 134 164 тен 140 982 теңгеге дейін, 3бөлмелі- 212 023 теңге

Пәтерлердің жағдайы: таза әрлеу, қоныстануға дайын.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

  • үздіксіз еңбек өтілі – кемінде 6 ай;
  • төлем қабілеттілігін растау;
  • өтінімді қарау сәтінде қолданыстағы мерзімі өткен берешектің болмауы.

Толық ақпаратты мына телефондар арқылы білуге болады:

+ 7 7172 79 75 75

8 (800) 080-44-48.

Бағдарлама туралы толығырақ: www.khc.kz

МАҢЫЗДЫ! Конкурстық іріктеу аяқталғаннан кейін «Отбасы банк» АҚ үміткерлердің тізімін қалыптастырып, оны «Қазақстанның тұрғын үй компаниясы» АҚ-на жібереді. Одан әрі Компания үміткерлердің төлем қабілеттілігін бағалап, жалға берілетін тұрғын үйді ұсыну туралы шешім қабылдайды.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру