Тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған құрметті азаматтар, 2026 жылғы 10 қарашадан бастап 19 қарашаға дейін «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылдау басталады.
Бағдарламаны «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ «Отбасы банк» АҚ-мен бірлесіп іске асырады.
Өтінімді Baspana Market порталында беруге болады: https://baspana.otbasybank.kz
Қатысу үшін жеке кабинетке авторизациядан өтіп, «ҚЖК АҚ-ның жалға берілетін тұрғын үйі» бөліміне өту қажет.
Кім өтінім бере алады?
Қарағанды облысында тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары және қандастар.
Бағдарлама шарттары:
Нысанның орналасқан жері: Қарағанды облысы, Абай ауданы, Абай қаласы, 30А орам, 19 үй
Пәтерлер саны – 5, оның ішінде:
2 бөлмелі –5;
Барлық пәтерлер таза әрлеумен беріліп, қоныстануға дайын.
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
Толық ақпаратты мына телефондар арқылы білуге болады:
+ 7 7172 79 75 75
8 (800) 080-44-48.
Бағдарлама туралы толығырақ: www.khc.kz
МАҢЫЗДЫ! Конкурстық іріктеу аяқталғаннан кейін «Отбасы банк» АҚ үміткерлердің тізімін қалыптастырып, оны «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ-на жолдайды. Бұдан әрі Компания үміткерлердің төлем қабілеттілігін бағалап, жалға берілетін тұрғын үй ұсыну туралы шешім қабылдайды.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!