Құрметті тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепте тұрған азаматтар, 2026 жылғы 11 қыркүйектен 21 қыркүйекке дейін «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылдау басталады.
Бағдарлама «Қазақстанның тұрғын үй компаниясы» АҚ «Отбасы банк» АҚ-мен бірлесіп жүзеге асырылады.
Өтінімді порталында беруге болады: https://baspana.otbasybank.kz
Қатысу үшін жеке кабинетке авторизациядан өтіп, «ҚЖК АҚ-ның жалға берілетін тұрғын үйі» бөліміне өту қажет.
Кім өтінім бере алады?
Павлодар облысы бойынша «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепте тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары мен қандастар.
Бағдарламаның шарттары:
Нысанның орналасқан жері: Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Мұхтар Әуезов көшесі, 101-үй.
Пәтер саны: 3 бір бөлмелі пәтер.
Пәтерлердің ауданы: 39,6-дан 40,6 шаршы метрге дейін.
Ай сайынғы жалдау төлемі: 93 104-тен 95 455 теңгеге дейін.
Пәтерлердің жағдайы: таза әрлеу, қоныстануға дайын.
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
Толық ақпаратты мына телефондар арқылы білуге болады:
+ 7 7172 79 75 75
8 (800) 080-44-48.
Бағдарлама туралы толығырақ: www.khc.kz
МАҢЫЗДЫ! Конкурстық іріктеу аяқталғаннан кейін «Отбасы банк» АҚ үміткерлердің тізімін қалыптастырып, оны «Қазақстанның тұрғын үй компаниясы» АҚ-на жібереді. Одан әрі Компания үміткерлердің төлем қабілеттілігін бағалап, жалға берілетін тұрғын үйді ұсыну туралы шешім қабылдайды.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!