Павлодар облысының Екібастұз қаласында «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы бойынша пәтерлерге өтінім қабылдау басталады | Нысанның орналасқан жері: Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Мұхтар Әуезов көшесі, 101-үй.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Павлодар облысының Екібастұз қаласында «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы бойынша пәтерлерге өтінім қабылдау басталады

Павлодар облысының Екібастұз қаласында «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы бойынша пәтерлерге өтінім қабылдау басталады

9 қыркүйек 2026 Нысан коды: 10090

Құрметті тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепте тұрған азаматтар, 2026 жылғы 11 қыркүйектен 21 қыркүйекке дейін «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылдау басталады.

Бағдарлама «Қазақстанның тұрғын үй компаниясы» АҚ «Отбасы банк» АҚ-мен бірлесіп жүзеге асырылады.

Өтінімді порталында беруге болады: https://baspana.otbasybank.kz

Қатысу үшін жеке кабинетке авторизациядан өтіп, «ҚЖК АҚ-ның жалға берілетін тұрғын үйі» бөліміне өту қажет.

Кім өтінім бере алады?

Павлодар облысы бойынша «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепте тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары мен қандастар.

Бағдарламаның шарттары:

  • Жалдау мерзімі: 20 жылға дейін
  • Сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 3,1%
  • Бастапқы жарна: талап етілмейді
  • Жалдау құны: 1 шаршы метріне 2 351,10 теңге
  • Мерзімінен бұрын сатып алу: қалдық құны бойынша мүмкін
  • Жалдау мерзімі аяқталғаннан кейін тұрғын үй жалға алушының меншігіне өтеді.

Нысанның орналасқан жері: Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Мұхтар Әуезов көшесі, 101-үй.

Пәтер саны: 3 бір бөлмелі пәтер.

Пәтерлердің ауданы: 39,6-дан 40,6 шаршы метрге дейін.

Ай сайынғы жалдау төлемі: 93 104-тен 95 455 теңгеге дейін.

Пәтерлердің жағдайы: таза әрлеу, қоныстануға дайын.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

  • үздіксіз еңбек өтілі – кемінде 6 ай;
  • төлем қабілеттілігін растау;
  • өтінімді қарау сәтінде қолданыстағы мерзімі өткен берешектің болмауы.

Толық ақпаратты мына телефондар арқылы білуге болады:

+ 7 7172 79 75 75

8 (800) 080-44-48.

Бағдарлама туралы толығырақ: www.khc.kz

МАҢЫЗДЫ! Конкурстық іріктеу аяқталғаннан кейін «Отбасы банк» АҚ үміткерлердің тізімін қалыптастырып, оны «Қазақстанның тұрғын үй компаниясы» АҚ-на жібереді. Одан әрі Компания үміткерлердің төлем қабілеттілігін бағалап, жалға берілетін тұрғын үйді ұсыну туралы шешім қабылдайды.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Алаяқтық фактісі (күдігі) туралы хабарлау
Сіз алаяқтарға жеке деректеріңізді бердіңіз, шотты бұғаттау қажет
Сіз алаяқтарға ақша аудардыңыз
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек
Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз
Сұрағыңызды қойыңыз
Чаттан сұрау
Қоңырауға тапсырыс беру
Бейне кеңес беру
Онлайн жазылу
Байланыстар

Чат

05.04.2025
Qanysh Бот
Добрый день! Я виртуальный помощник Qanysh!
09:34
Чем могу помочь?
09:34
"Quanysh-AI" чат-боты жасанды интеллект жүйелерін пайдалана отырып кеңес береді. Чат-боты нақты ақпарат беруге тырысады, бірақ маңызды ақпаратты қайта тексеруді ұсынамыз.

Қоңырауға тапсырыс беру

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру