Мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру аясында «ЖАО-ның жалға берілетін тұрғын үйі» бағыты бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйлерді бөлуге қатысу үшін өтініштер қабылдау туралы хабарландыру | Махамбет ауданы, Махамбет ауылы, Шаттық шағын ауданы, Қ. Байсейітова көшесінде орналасқан жалға берілетін тұрғын үй. Мекенжайы: Атырау облысы, Махамбет ауылы, Шаттық шағын ауданы, Күләш Байсейітова көшесі, нысан коды – 10610
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру аясында «ЖАО-ның жалға берілетін тұрғын үйі» бағыты бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйлерді бөлуге қатысу үшін өтініштер қабылдау туралы хабарландыру

Мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру аясында «ЖАО-ның жалға берілетін тұрғын үйі» бағыты бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйлерді бөлуге қатысу үшін өтініштер қабылдау туралы хабарландыру

23 қараша 2026 Нысан коды: 10610, 10609, 10606, 10604, 10603, 10601, 10598, 10597, 10594, 10591, 10590, 10589, 10588, 10584, 10582, 10581, 10579, 10658

Құрметті Клиенттер!

«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі – Банк) тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру аясында «ЖАО-ның жалға берілетін тұрғын үйі» бағыты бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйді бөлуге қатысу үшін өтініштер қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды (бұдан әрі – Бағдарлама).

Нысандар, орналасқан мекенжайы:

  • Махамбет ауданы, Махамбет ауылы, Шаттық шағын ауданы, Қ. Байсейітова көшесінде орналасқан жалға берілетін тұрғын үй. Мекенжайы: Атырау облысы, Махамбет ауылы, Шаттық шағын ауданы, Күләш Байсейітова көшесі, нысан коды – 10610;
  • Махамбет ауданы, Махамбет ауылы, Шаттық шағын ауданы, Бекет ата көшесінде орналасқан жалға берілетін тұрғын үй. Мекенжайы: Атырау облысы, Махамбет ауылы, Шаттық шағын ауданы, Бекет ата көшесі, нысан коды – 10609;
  • Махамбет ауданы, Махамбет ауылы, Наркескен шағын ауданы, Ж. Нәжімеденов көшесінде орналасқан жалға берілетін тұрғын үй. Мекенжайы: Атырау облысы, Махамбет ауылы, Наркескен шағын ауданы, Жұмекен Нәжімеденов көшесі, нысан коды – 10606;
  • Махамбет ауданы, Махамбет ауылы, Игілік шағын ауданы, Т. Ахтанов көшесінде орналасқан жалға берілетін тұрғын үй. Мекенжайы: Атырау облысы, Махамбет ауылы, Игілік шағын ауданы, Тахауи Ахтанов көшесі, нысан коды – 10604;
  • Махамбет ауданы, Махамбет ауылы, Мерей шағынауданы, Ж. Баласағұн көшесінде орналасқан жалға берілетін тұрғын үй. Мекенжайы: Атырау облысы, Махамбет ауылы, Мерей шағын ауданы, Жүсіп Баласағұн көшесі, нысан коды – 10603;
  • Махамбет ауданы, Махамбет ауылы, Мерей шағынауданы, С. Бейбарыс көшесінде орналасқан жалға берілетін тұрғын үй. Мекенжайы: Атырау облысы, Махамбет ауылы, Мерей шағын ауданы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, нысан коды – 10601;
  • Махамбет ауданы, Махамбет ауылы, Жасыл белдеу шағын ауданы, Ғ. Құрманғалиев көшесінде орналасқан жалға берілетін тұрғын үй. Мекенжайы: Атырау облысы, Махамбет ауылы, Жасыл белдеу шағын ауданы, Ғарифолла Құрманғалиев көшесі, нысан коды – 10598;
  • Махамбет ауданы, Махамбет ауылы, Шұғыла шағын ауданы, Әйтеке би көшесінде орналасқан жалға берілетін тұрғын үй. Мекенжайы: Атырау облысы, Махамбет ауылы, Шұғыла шағын ауданы, Әйтеке би көшесі, нысан коды – 10597;
  • Махамбет ауданы, Махамбет ауылы, Жасыл белдеу шағын ауданы, М. Мөңкеұлы көшесінде орналасқан жалға берілетін тұрғын үй. Мекенжайы: Атырау облысы, Махамбет ауылы, Жасыл белдеу шағын ауданы, Мұрат Мөңкеұлы көшесі, нысан коды – 10594;
  • Махамбет ауданы, Махамбет ауылы, Жасыл белдеу шағын ауданы, Х. Ерғалиев көшесінде орналасқан жалға берілетін тұрғын үй. Мекенжайы: Атырау облысы, Махамбет ауылы, Жасыл белдеу шағын ауданы, Хамит Ерғалиев көшесі, нысан коды – 10591;
  • Махамбет ауданы, Махамбет ауылы, Шұғыла шағынауданы, Н. Тілендиев көшесінде орналасқан жалға берілетін тұрғын үй. Мекенжайы: Атырау облысы, Махамбет ауылы, Шұғыла шағын ауданы, Нұрғиса Тілендиев көшесі, нысан коды – 10590;
  • Махамбет ауданы, Махамбет ауылы, Шаттық шағын ауданы, Әл-Фараби көшесінде орналасқан жалға берілетін тұрғын үй. Мекенжайы: Атырау облысы, Махамбет ауылы, Шаттық шағын ауданы, Әл-Фараби көшесі, нысан коды – 10589;
  • Махамбет ауданы, Жалғансай ауылы, 5-көшеде орналасқан жалға берілетін тұрғын үй. Мекенжайы: Атырау облысы, Махамбет ауданы, Жалғансай ауылы, 5-көше, нысан коды – 10588;
  • Махамбет ауданы, Есбол ауылы, Абай көшесінде орналасқан жалға берілетін тұрғын үй. Мекенжайы: Атырау облысы, Махамбет ауданы, Есбол ауылдық округі, Есбол ауылы, Абай көшесі, нысан коды – 10584;
  • Махамбет ауданы, Махамбет ауылы, Мерей шағын ауданы, Күлтегін көшесінде орналасқан жалға берілетін тұрғын үй. Мекенжайы: Атырау облысы, Махамбет ауылы, Мерей шағын ауданы, Күлтегін көшесі, нысан коды – 10582;
  • Махамбет ауданы, Махамбет ауылы, Мерей шағын ауданы, Жәнібек хан көшесінде орналасқан жалға берілетін тұрғын үй. Мекенжайы: Атырау облысы, Махамбет ауылы, Мерей шағын ауданы, Жәнібек хан көшесі, нысан коды – 10581;
  • Махамбет ауданы, Махамбет ауылы, Шаттық шағын ауданы, Ш. Айманов көшесінде орналасқан жалға берілетін тұрғын үй. Мекенжайы: Атырау облысы, Махамбет ауылы, Шаттық шағын ауданы, Шәкен Айманов көшесі, нысан коды – 10579.
  • Махамбет ауылы, Шұғыла шағын ауданы, Қазыбек би көшесінде орналасқан жалға берілетін тұрғын үй. Мекенжайы: Атырау облысы, Махамбет ауылы, Шұғыла шағын ауданы, Қазыбек би көшесі, нысан коды – 10658.

Нысандар пайдалануға беру күні: 2025 ж.

Бағдарламаға қатысуға өтінімдерді қабылдау мерзімі: 23.11.2026 жылдан

бастап 30.11.2026 жылға дейін(қоса алғанда)

Тұрғын үйді бөлу күні: 01.12.2026 ж.

Қатысушыларды іріктеу тұрғын үйге мұқтаждар есебіне тұру күні бойынша жүзеге асырылады. Есепке тұру күні сәйкес келген жағдайда – Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында өтінім беру күні мен уақыты бойынша жүзеге асырылады.

Тұрғын үйді бөлу кезінде коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлердің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйлердің жалпы көлемінің кемінде 20% (жиырма пайызы) жетім балаларға, ата-анасының (ата-анасының біреуінің) қамқорлығынсыз қалған балаларға беріледі.

Жетім балалардың, ата-анасының (ата-анасының біреуінің) қамқорлығынсыз қалған балалардың саны оларға бөлінуге тиіс тұрғын үй көлемінен аз болған немесе олар тұрғын үй заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, осы абзацпен бекітілген олардың үлесі табыс деңгейіне және тұрғын үйге мұқтаждар есебіне тұру күніне байланысты төмендегі абзацта көрсетілген қалған 7 (жеті) санат арасында бөлінуге тиіс.

Коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлердің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйлердің жалпы көлемінің кемінде 50 % (елу пайызы) келесі тұлғаларға беріледі:

  • Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;
  • жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;
  • басқа мемлекеттердің аумағындағы соғыс қимылдарының ардагерлеріне;
  • I және II топтағы мүгедектігі бар тұлғаларға;
  • мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған немесе балалары бар отбасыларға;
  • жесірлерге (тұл ерлерге);
  • «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға, көпбалалы отбасыларға;

Осы абзацта көзделген азаматтардың саны оларға берілуге тиіс тұрғын үй көлемінен аз болған немесе олар тұрғын үй заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, тұрғын үйдің қалған көлемі төмендегі абзацта көрсетілген тұлғаларға беріледі.

Тұрғын үйлердің жалпы көлемінен қалған тұрғын үй үлесі жоғарыда аталған санаттарға жатпайтын, тұрғын үйге мұқтаж жандарға беріледі:

  • қандастар;
  • жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
  • экологиялық зілзалалар, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар;
  • толық емес отбасылар;
  • мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары
  • денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін аурулар тізімінде аталған кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар.

МАҢЫЗДЫ!!!

Банк жоғарыда көрсетілген азаматтар санаттары үшін көзделген тұрғын үйдің жалпы көлемінен бөлінген үлес шегінде кандидаттар толық іріктелген және (немесе) бөлінетін тұрғын үй өтініш берушінің отбасы құрамына қатысты тұрғын үй заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, берілген өтініштерді біржақты тәртіппен жояды.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Алаяқтық фактісі (күдігі) туралы хабарлау
Сіз алаяқтарға жеке деректеріңізді бердіңіз, шотты бұғаттау қажет
Сіз алаяқтарға ақша аудардыңыз
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек
Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз
Сұрағыңызды қойыңыз
Чаттан сұрау
Қоңырауға тапсырыс беру
Бейне кеңес беру
Онлайн жазылу
Байланыстар

Қоңырауға тапсырыс беру

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру