Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру аясында «ЖАО-ның жалға берілетін тұрғын үйі» бағыты бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйлерді бөлуге қатысу үшін өтініштер қабылдау туралы хабарландыру

Мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру аясында «ЖАО-ның жалға берілетін тұрғын үйі» бағыты бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйлерді бөлуге қатысу үшін өтініштер қабылдау туралы хабарландыру

1 қыркүйек 2026

Құрметті Клиенттер!

«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі – Банк) тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру аясында «ЖАО-ның жалға берілетін тұрғын үйі» бағыты бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйді бөлуге қатысу үшін өтініштер қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды (бұдан әрі – Бағдарлама).

Нысан: "Жамбыл обл., Т.Рысқұлов ауд., Құлан а.о., Құлан а., Махамбет Өтемісов көшесі", орналасқан мекенжайы: Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауд., Құлан а.о., Құлан а., Махамбет Өтемісов көшесі, Нысан коды: 9727.

Нысанды пайдалануға беру күні: 03.09.2025 жыл.

Бағдарламаға қатысуға өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2026 жылдың 1 қыркүйектен 2026 жылдың 7 қыркүйегіне дейін.

Тұрғын үйді бөлу күні: 08.09.2026 жыл.

Қатысушыларды іріктеу тұрғын үйге мұқтаждар есебіне тұру күні бойынша жүзеге асырылады. Есепке тұру күні сәйкес келген жағдайда – Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында өтінім беру күні мен уақыты бойынша жүзеге асырылады.

Тұрғын үйді бөлу кезінде коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлердің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйлердің жалпы көлемінің кемінде 20% (жиырма пайызы) жетім балаларға, ата-анасының (ата-анасының біреуінің) қамқорлығынсыз қалған балаларға беріледі.

Жетім балалардың, ата-анасының (ата-анасының біреуінің) қамқорлығынсыз қалған балалардың саны оларға бөлінуге тиіс тұрғын үй көлемінен аз болған немесе олар тұрғын үй заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, осы абзацпен бекітілген олардың үлесі табыс деңгейіне және тұрғын үйге мұқтаждар есебіне тұру күніне байланысты төмендегі абзацта көрсетілген қалған 7 (жеті) санат арасында бөлінуге тиіс.

Коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлердің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйлердің жалпы көлемінің кемінде 50 % (елу пайызы) келесі тұлғаларға беріледі:

  • Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;
  • жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;
  • басқа мемлекеттердің аумағындағы соғыс қимылдарының ардагерлеріне;
  • I және II топтағы мүгедектігі бар тұлғаларға;
  • мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған немесе балалары бар отбасыларға;
  • жесірлерге (тұл ерлерге);
  • «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға, көпбалалы отбасыларға;

Осы абзацта көзделген азаматтардың саны оларға берілуге тиіс тұрғын үй көлемінен аз болған немесе олар тұрғын үй заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, тұрғын үйдің қалған көлемі төмендегі абзацта көрсетілген тұлғаларға беріледі.

Тұрғын үйлердің жалпы көлемінен қалған тұрғын үй үлесі жоғарыда аталған санаттарға жатпайтын, тұрғын үйге мұқтаж жандарға беріледі:

  • қандастар;
  • жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
  • экологиялық зілзалалар, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар;
  • толық емес отбасылар;
  • мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
  • денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін аурулар тізімінде аталған кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар.

МАҢЫЗДЫ!!!

Банк жоғарыда көрсетілген азаматтар санаттары үшін көзделген тұрғын үйдің жалпы көлемінен бөлінген үлес шегінде кандидаттар толық іріктелген және (немесе) бөлінетін тұрғын үй өтініш берушінің отбасы құрамына қатысты тұрғын үй заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, берілген өтініштерді біржақты тәртіппен жояды.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Другие объявления

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру