Құрметті салымшылар!
"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру шеңберінде төлемқабілеттілікті растау қажеттігі туралы хабарлайды.
Нысан: «Павлодар облысы Ақсу қаласының Строителей көшесі, 45/1 мекенжайында 9 қабатты көп пәтерлі тұрғын үй салу», орналасқан мекенжайы: Павлодар облысы, Ақсу қ., Строителей көшесі, 45/1 тұрғын үй.
Үміткерлерді іріктеу күні: 02.06.2026 жыл.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеуде: 240 000 теңге.
Пәтер саны: 32
Пәтер түрі 1: (3-бөлмелі) 4 пәтер, максималды көлемі 69,01 ш.м.
Пәтер түрі 2: (2-бөлмелі) 28 пәтер, максималды көлемі 59,42 ш.м.
Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) мерзімі: 04.06.2026 бастап 12.06.2026 жылға дейін..
Тұрғын үйді таңдау кезеңі 04.06.2026 бастап 15.06.2026 жылға дейін.
Тұрғын үйді бөлу күні: 16.06.2026 ж.
Тұрғын үйді бөлу тәртібімен, төлемқабілеттілікті растауға қажетті құжаттар тізімімен, сондай-ақ ғимараттың қасбеттерінің фотосуреттерін және пәтерлердің орналасуын Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталынан көруге болады.
Біліктілік мерзімі аяқталғаннан кейін Банк Біліктілікке құжаттарды қабылдамайды.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!