Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Біліктіліктің (кредит қабілеттілігін бағалау) басталғаны туралы хабарландыру

Біліктіліктің (кредит қабілеттілігін бағалау) басталғаны туралы хабарландыру

10 қыркүйек 2026

Құрметті салымшылар!

«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі – Банк) Келесі тізім бойынша Біліктіліктен (кредит қабілеттілігін бағалау) өтудің қажеттілігі туралы хабарлайды.

Нысан: «Өмірұзақ» шағын ауданындағы таунхаустар, мекенжайы: Алматы облысы, Қарасай ауданы, Айтей ауылдық округі, Өмірұзақ шағын ауданы. Нысан коды 7350

Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеумен – 180 000 теңге.

Таунхаус саны: 6

Таунхаус түрлері (3 бөлмелі): 6 таунхаус, ең үлкен ауданы – 70,70 ш.м.

Біліктіліктен өту мерзімі (кредит қабілеттілігін бағалау): 2026 жылғы 10.09 – 16.09 аралығы.

Тұрғын үйді таңдау кезеңі: 2026 жылғы 10.09 – 16.09 аралығы.

Тұрғын үйді бөлу күні: 16.09.2026

Тұрғын үйді бөлу тәртібімен, біліктіліктен өтуге (кредит қабілеттілігін бағалауға) қажетті құжаттар тізімімен, сондай-ақ ғимарат қасбетінің фотосуреттері мен пәтерлердің/жеке тұрғын үйлердің жоспарымен Банктің интернет-ресурстарында таныса аласыз: www.hcsbk.kz және/немесе otbasybank.kz.

Біліктіліктен өту мерзімі аяқталғаннан кейін Банк біліктілікке арналған құжаттарды қабылдамайды.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Другие объявления

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру