Құрметті салымшылар!
"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру шеңберінде төлемқабілеттілікті растау қажеттігі туралы хабарлайды.
Нысан: «Өскемен қаласында Сәтпаев даңғылының бойында спорт кластердің сыртында инженерлік желілері мен абаттандырылуы бар 9 қабатты тұрғын үйлер кешенін салу поз. Тұрғын үй поз. 74», орналасқан мекенжайы: ШҚО, Өскемен қаласы, І. Есенберлин даңғылы, 104 үй. Нысанның коды: 10431.
Үміткерлерді іріктеу күні: 17.11.2026ж.
1 ш.м. тұрғын үйдің құны: 358 143 теңге, "таза" әрлеуде.
Пәтерлер саны: 36.
Пәтер түрі 1: 2-бөлмелі, 18 пәтер, максималды ауданы 67,55 ш.м.,
Пәтер түрі 2: 2-бөлмелі, 18 пәтер, максималды ауданы 69,74 ш.м.
Төлемқабілеттілікті растау мерзімі: 20.11.2026 ж. бастап 04.12.2026ж. дейін.
Тұрғын үйді таңдау кезеңі: 20.11.2026 ж. бастап 08.12.2026ж. дейін.
Тұрғын үйді бөлу күні: 09.12.2026ж.
Тұрғын үйді бөлу тәртібімен, төлемқабілеттілікті растауға қажетті құжаттар тізімімен, сондай-ақ ғимараттың қасбеттерінің фотосуреттерін және пәтерлердің орналасуын Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталынан көруге болады.
Төлемқабілеттілікті растау мерзімі өткеннен кейін Банк құжаттарды қабылдамайды.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!