Құрметті салымшылар!
"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру шеңберінде төлемқабілеттілікті растау қажеттігі туралы хабарлайды.
Нысан: «Павлодар облысы, Екібастұз қаласының 2-ші шағынауданында №3 бес қабатты тұрғын үйдің құрылысы», орналасқан мекенжайы: Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, 2-ші шағынаудан, Пшенбаев көшесі, 30/3.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеуде: 253 545 теңге.
Пәтер саны: 2
Пәтер түрі 1 (1-бөлмелі): 2 пәтер, максималды аудан 42,71 ш.м.
Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) мерзімі: 2026 жылдың 18 мамырдан 22 мамырға дейін.
Тұрғын үйді таңдау кезеңі: 2026 жылдың 18 мамырдан 25 мамырға дейін.
Тұрғын үйді бөлу күні: 2026 жылдың 26 мамыр.
Тұрғын үйді бөлу тәртібімен, төлемқабілеттілікті растауға қажетті құжаттар тізімімен, сондай-ақ ғимараттың қасбеттерінің фотосуреттерін және пәтерлердің орналасуын Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталынан көруге болады.
Біліктілік мерзімі аяқталғаннан кейін Банк Біліктілікке құжаттарды қабылдамайды.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!