Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Қосымша конкурс туралы хабарландыру «Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру» бағыты бойынша

Қосымша конкурс туралы хабарландыру «Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру» бағыты бойынша

3 маусым 2026

Құрметті салымшылар!

«Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) «Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру» бағыты бойынша қосымша конкурс өткізілетінін хабарлайды.

Нысан: «Сәтбаев қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 15/1 мекенжайындағы көппәтерлі тұрғын үй», мекенжайы: Ұлытау облысы, Сәтбаев қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 15/1.

Нысанды пайдалануға беру күні: 30.12.2024 ж.

Тұрғын үйдің 1 ш.м құны: «таза әрлеумен» 255 270 теңге.

Жайлылық класы: көппәтерлі тұрғын үй.

Пәтер саны: 53.

Пәтер түрлері:

  • 1 бөлмелі – 25 пәтер, ең жоғары ауданы 45,80 ш.м;
  • 2 бөлмелі – 22 пәтер, ең жоғары ауданы 55,50 ш.м;
  • 3 бөлмелі – 6 пәтер, ең жоғары ауданы 63,20 ш.м.

«Өтініштерді қабылдау мерзімі»: 03.06.2026 жылдан 09.06.2026 жылға дейін.

Қатысушыларды іріктеу күні: 10.06.2026 ж.

Пулға өтініш беру Банктің baspana.kz интернет-ресурсы арқылы жүзеге асырылады.

Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, тұрғын үйді бөлу тәртібімен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, сондай-ақ ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерімен және тұрғын үй жоспарымен Банктің www.hcsbk.kz сайтындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде және/немесе otbasybank.kz интернет-ресурсында танысуға болады.

Өтініш беру күні мен уақыты берілетін ұпай санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.

Өтініштер тек Банктің салымшыларынан қабылданады.

Тұрғын үйді бөлу кезінде нысандағы тұрғын үйлердің жалпы санының 70%-ына келесі азаматтар санаттары басым құқыққа ие болады:

  1. Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
  2. жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
  3. басқа мемлекеттердің аумағындағы жауынгерлік іс-қимылдардың ардагерлері;
  4. I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар;
  5. мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған немесе асырап отырған отбасылар;
  6. жесірлер (жесір ерлер);
  7. «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар және көпбалалы отбасылар;
  8. жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар.

Сонымен қатар, нысандағы тұрғын үйлердің жалпы санының 20%-ы «жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санаты бойынша тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепте тұрған тұлғаларға бөлінеді.

Маңызды!

Сот шешімімен әрекетке қабілетсіз деп танылған және «I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар» санатына жататын салымшылардан өтініш қабылданған жағдайда, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 159-бабына сәйкес банктік қарыз шарттарын жасасу мүмкін емес (толық сатып алу жағдайын қоспағанда).

Пулға қатысуға өтінішті Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында беруге болады.

Өтініштер тек Бірыңғай республикалық электрондық базада және «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығының» электрондық базасында тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепте тұрған Банктің салымшыларынан қабылданады.

Қарыз беру өтініш берушінің жинақ шотында қарыз сомасының кемінде 10%-ы мөлшерінде тұрғын үй құрылыс жинақтары болған жағдайда жүзеге асырылады.

Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, оның ішінде ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерімен және тұрғын үй жоспарымен Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында танысуға болады.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Банктің Байланыс орталығына 300 нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз (ұялы телефоннан тегін).

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру