Интернет-банк

baspana.kz

Консультанттар

Бөлімшелер мен терминалдар

Регион

«Нұрлы жол» бағдарламасына қатысу үшін дауыс берудің басталғаны туралы

«Нұрлы жол» бағдарламасына қатысу үшін дауыс берудің басталғаны туралы

6 Апреля 2017
Құрметті салымшылар !

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі - Банк) «Жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі - ЖАО) арқылы несиелік тұрғын үйлердің құрылысы» бағыты бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасына (бұдан әрі - Бағдарлама) қатысу үшін өтініштерді қабылдау жолымен тұрғын үй құрылысының жобаларын жүзеге асыру үшін дауыс беру басталғаны туралы хабарлайды.

Нысан: «Батыс Қазақстан облысы, Ақсай қ., Бөрлі ауданы, Қарашығанақ шағын ауданындағы 75-пәтерлі тұрғын үй құрылысы».

Құрылыстың жоспарлы аяқталу мерзімі: 2017 жылдың тамыз айы.
«Таза» әрлеудегі тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің бағасы : 121 000 теңге.
Жайлылық класы: IV.
Пәтер саны: 75.
Пәтер түрі:
1-бөлмелі: 25 пәтер, максималды көлемі – 46,4 ш.м.;
2-бөлмелі: 25 пәтер, максималды көлемі – 69,9 ш.м.; 3-бөлмелі: 25 пәтер, максималды көлемі – 88,4 ш.м.
Бағдарламаға қатысу үшін өтініштерді қабылдау мерзімі: 2017 жылғы 12 сәуірден бастап 12 мамырға дейін (қоса алғанда).
Балдарды есептеу күні (үміткерлерді іріктеу): 15 мамыр 2017 жыл.
Өтініштерді Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Интернет-банкингте» беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты, берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініш тек Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Нысандағы тұрғын үйлердің 50%-дан кем емес бөлігі ЖАО–ның кезегіндегілерге үлестіріледі. Қатысуға өтініш берген немесе квалификациядан өткен ЖАО-ның кезегіндегілер көлемі жетіспеген жағдайда, баспана Банк салымшылары арасынан өтініш бергендерге үлестіріледі.
Бағдарламаға қатысуға өтініш беру жолымен, Банк салымшылары нысанның өткізілуін ұйғару үшін дауыс береді. Нысанды ұйғару кезінде, салымшылардың берген өтініштері ары қарай бағдарламаға қатысу үшін қабылданады.
Банктің ішкі құжаттарына сәйкес, егер де Банк өтініштерді қабылдаудың соңғы күніне дейін нысанды ұйғару үшін салымшылардан жеткілікті көлемде өтініш қабылдай алмаса, берілген өтініштер автоматты түрде күшін жояды.
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында құрылыс нысанынның сипаттамасымен толығырақ танысуға, әсіресе, ғимараттың қасбетін және пәтерлердің жобалануын көруге болады.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Колл-Центр қызметіне хабарласуға болады.
Ваш город ?
Да
Нет

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру

Сізбен 30 минуттан кейін хабарласады*
*жұмыс күндері сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін,
ал демалыс және мереке күндері
сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін