Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
«Нұрлы жол» бағдарламасына қатысу үшін өтініштерді қабылдау арқылы дауыс беру басталғаны туралы

«Нұрлы жол» бағдарламасына қатысу үшін өтініштерді қабылдау арқылы дауыс беру басталғаны туралы

16 января 2017
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай-Банк) «Бәйтерек девелопмент» АҚ арқылы «кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасына (әрі қарай - Бағдарлама) қатысу үшін өтініштерді қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы жобаларын іске асыруға дауыс беру туралы хабарлайды.

Нысан: «Шымкент қаласы «Тұран» шағын ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің ішкі жапсарлас әлеуметтік, тұрмыстық,сауда-саттық және ойын-сауықтыру орталығының құрылысы (1-ші құрылыс кезегі)». Тұрғын үй №1, тұрғын үй №2 Шымкент қ. Қаратау ауданы «Тұран» шағын ауданы Новостройка көшесі мекенжайы бойынша орналасқан.

Құрылыстың жоспарлы аяқталу мерзімі: тамыз 2017 жыл.
Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: «таза» әрленгенде 180 846 теңге.
Жайлылық класы: 3
Пәтер саны: 126
Пәтер түрі 1: 36 пәтер, ең жоғарғы аудан 41,36 шаршы метр
Пәтер түрі 2: 36 пәтер, ең жоғарғы аудан 64,61 шаршы метр
Пәтер түрі 3: 54 пәтер, ең жоғарғы аудан 81,99 шаршы метр
Бағдарламаға қатысуға өтініш қабылдау мерзімі: 18.01.2017ж. бастап 05.02.2017ж. дейін
Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау) (Нысанды келіскен жағдайда) : 06.02.2017ж.
Өтінішті Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» беруге болады. Өтініш беру күні және уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Банк салымшылары Бағдарламаға қатысу үшін өтініш беру арқылы Нысанды іске асыруға келісу үшін дауыс береді. Нысанды келісу кезінде, салымшылардың өтініштері әрі қарай Бағдарламаға қатысу үшін қабылданады. Банктің ішкі құжаттарына сәйкес салымшылардың өтініштерінің саны Нысанды келісу үшін өтініштерді қабылдауды аяқтау күніне дейін Банкке жеткілікті түрде берілмесе, берілген өтініштердің автоматты түрде күші жойылады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.
Қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда Банктің Байланыс-орталығына хабарласуыңызды сұраймыз.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру