Интернет-банк

baspana.kz

Консультанттар

Бөлімшелер мен терминалдар

Регион

«Нұрлы жол» бағдарламасына қатысу үшін өтініштер қабылдайтынын хабарлаймыз

«Нұрлы жол» бағдарламасына қатысу үшін өтініштер қабылдайтынын хабарлаймыз

2 Сентября 2016
Құрметті салымшылар!

 «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Нұрлы жол» бағдарламасына қатысу үшін өтініштер қабылдайтынын хабарлайды.
Нысан: Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Сәулет ы.а., Ж.Абдрахманов көшесі, 1үй мекен-жайында орналасқан көпқабатты тұрғын үй.
Құрылыстың жоспарлы аяқталу мерзімі: 15.10.2016ж.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің бағасы: «таза» әрлеумен 140 552,83 теңге.
Жайлылық класы: III
Пәтер саны: 50, оның ішінде:
2-бөлмелі пәтер түрі: 40 пәтер,
3-бөлмелі пәтер түрі: 10 пәтер.
Жобаға қатысу үшін өтініштер қабылдау мерзімі: 03.09.2016ж. - 15.09.2016ж.
Баллдарды есептеу күні: 16.09.2016ж.
Төлем қабілеттілігін бағалаудың бағдарлы мерзімі: 21.09.2016ж - 10.10.2016ж.
Өтініштерді Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Интернет-банкінде» беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында орналасқан тұрғын үй құрылыс жинақ Шартының Жалпы талаптарына қосылған.
Өтініш Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында құрылыс нысанының сипаттамасымен толығырақ танысуға, әсіресе, ғимараттың қасбетін және пәтерлердің жобалануын көруге болады.
Бөлу тәртібі мен төлем қабілеттілігін бағалау үшін тапсырылатын құжаттар тізімі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Ваш город Алматы?
Да
Нет

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!