Интернет-банк

baspana.kz

Консультанттар

Бөлімшелер мен терминалдар

Регион

«Нұрлы жол» бағдарламасына қатысу үшін өтініштерді қабылдау арқылы дауыс беру басталғаны туралы

«Нұрлы жол» бағдарламасына қатысу үшін өтініштерді қабылдау арқылы дауыс беру басталғаны туралы

8 Декабря 2016
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай-Банк) «Бәйтерек девелопмент» АҚ арқылы «кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасына (әрі қарай - Бағдарлама) қатысу үшін өтініштерді қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы жобаларын іске асыруға дауыс беру туралы хабарлайды.
Нысан: «Түркістан қаласы, айналма тас жолы бойындағы № 1 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы», ОҚО, Түркістан қ. мекенжайы бойында орналасқан.

Құрылыстың жоспарлы аяқталу мерзімі: қыркүйек 2017 жыл.
Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: «таза» әрленгенде 154 958 теңге.
Жайлылық класы: 4
Пәтер саны: 60
Пәтер түрі 1: 15 пәтер, ең жоғарғы ауданы 33,69
Пәтер түрі 2: 15 пәтер, ең жоғарғы ауданы 48,92
Пәтер түрі 3: 30 пәтер, ең жоғарғы ауданы 63,07
Бағдарламаға қатысуға өтініш қабылдау мерзімі: 2016 жылғы 09.12.2016ж. бастап 25.12.2016ж. дейін
Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау) (Нысанды келіскен жағдайда) : 26.12.2016ж.
Өтінішті Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» беруге болады. Өтініш беру күні және уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Банк салымшылары Бағдарламаға қатысу үшін өтініш беру арқылы Нысанды іске асыруға келісу үшін дауыс береді. Нысанды келісу кезінде, салымшылардың өтініштері әрі қарай Бағдарламаға қатысу үшін қабылданады. Банктің ішкі құжаттарына сәйкес салымшылардың өтініштерінің саны Нысанды келісу үшін өтініштерді қабылдауды аяқтау күніне дейін Банкке жеткілікті түрде берілмесе, берілген өтініштердің автоматты түрде күші жойылады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.
Қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда Банктің Байланыс-орталығына хабарласуыңызды сұраймыз.
Ваш город Алматы?
Да
Нет

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!