«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үйді пулды құрусыз өткізу туралы

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үйді пулды құрусыз өткізу туралы

17 января 2020
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Несиелік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үйді пулды құрусыз өткізу туралы хабарлайды.
Нысан: Атырау қаласы, Нұрсая ықшам ауданы, 5,0 га уч. мекенжайы бойынша орналасқан 72 пәтерлік тұрғын үй, №4, №7 дақтар, нысан коды – 1267.
Құрылыстың аяқталу мерзімі: 31.12.2018 жыл
«Таза» әрлеудегі тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: 180 000,00 теңге
Жайлылық класы: 3
Пәтер саны: 8 (сегіз), оның ішінде:
Пәтер түрі: 1-бөлмелі – 5 пәтер, жалпы ауданы 39,43 шаршы метр.
Пәтер түрі: 1-бөлмелі – 2 пәтер, жалпы ауданы 45,57 шаршы метр.
Пәтер түрі: 2-бөлмелі – 1 пәтер, жалпы ауданы 62,28 шаршы метр.

Тұрғын үйді пулды құрусыз өткізу арқылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына қатысуға өтініш беру мерзімі: 2020 жылғы 20 қаңтардан бастап 2020 жылғы 14 ақпанға дейін (қоса алғанда).

Іріктеуден өту уақыты (төлемқабілеттілігін растау): тұрғын үйді брондау уақытынан бастап 5 (бес) күн
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, пәтерлерді бөлу тәртібімен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде және/немесе Банктің baspana.kz интернет-ресурсында егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.


Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру