Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
«Нұрлы жер» бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдау арқылы келісуді бастау туралы хабарландыру

«Нұрлы жер» бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдау арқылы келісуді бастау туралы хабарландыру

29 маусым 2020
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы несиелік тұрғын үй салу» бағыты бойынша «Нұрлы жер» Бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдау арқылы тұрғын үй құрылыс жобаларын жүзеге асыру үшін дауыс беру туралы хабарлайды.

Нысан: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, 32 үй Жуков көшесі мекенжайы бойынша орналасқан 78 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй (нысан коды 1329).
Құрылыстың аяқталу мерзімі: 2020 тамыз
Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: «таза» әрлеуде 140 000 теңге.
Жайлылық класы: 4
Пәтер саны: 78
Пәтер түрі: 1, 1­бөлмелі: 41 пәтер, максималды көлемі 35,13 ш.м.
Пәтер түрі: 2, 2­бөлмелі: 13 пәтер, максималды көлемі 55,51 ш.м.
Пәтер түрі: 3, 2­бөлмелі: 23 пәтер, максималды көлемі 60,35 ш.м.
Пәтер түрі: 3, 2­бөлмелі: 1 пәтер, максималды көлемі 73,22 ш.м.

Қатысу үшін өтініштер қабылдау мерзімі: 01.07.2020 бастап 29.07.2020 дейін (қоса алғанда).
Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау): 30.07.2020

Өтінішті Банктің www.baspana.kz интернет­ресурсында беруге болады. Өтінішті берген күні мен уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.

«Нұрлы жер» Бағдарламасына қатысуға өтініш беру арқылы Банк салымшылары Объектіге және оның әрі қарай жүзеге асырылуына дауыс береді.

Объектіде тұрғын үйдің кемінде 50% ЖАО кезекте тұрған азаматтар арасында таратылады.
Қатысуға өтініш берген немесе біліктіліктен өткен, ЖАО кезекте тұрған азаматтар саны жеткіліксіз болған жағдайда, тұрғын үй Банк салымшылары қатарынан басқа өтініш берушілер арасында таратылады.

Өтініш берушінің жинақ шотында тұрғын үй құнының кемінде 20 (жиырма) % мөлшерінде тұрғын үй құрылысы жинақтарының тиісті сомасы болған кезде Пулға қатысуға өтініш беру мүмкін болады.
Өтініш берушінің жинақ шотында таңдап алынған тұрғын үй құнының кемінде 20 (жиырма) % мөлшерінде тұрғын үй құрылыс жинақтары болған жағдайда алдын ала тұрғын үй заемын алуға өтініш беру мүмкін болады.

Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.baspana.kz интернет ресурсында «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде егжей­тегжейлі танысып, көруге болады.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Колл­орталығына 300 (ұялы телефон арқылы тегін) нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.
Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру