Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Пулды құрмастан тұрғын үйді сату туралы

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Пулды құрмастан тұрғын үйді сату туралы

20 февраля 2020
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы несиелік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша Пулды құрмастан тұрғын үйді сату туралы хабарлайды.

Нысан: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, 19 тұрғын ауданындағы тұрғын үйлер. 117-118 белгі. Қабырғаның толтырылуын түзету (энерготиімділік).

Құрылыстың жоспарлы аяқталу мерзімі: 30.09.2019ж.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің бағасы : «таза» әрлеуде 137 000 теңге.
Пәтер саны: 12
1-бөлмелі пәтер, 5, максималды көлемі – 48,59 ш.м.,
2-бөлмелі пәтер, 1, максималды көлемі – 65,39 ш.м.,
2-бөлмелі пәтер, 6, максималды көлемі – 76,11 ш.м.

Жобаға қатысу үшін өтініштерді қабылдау мерзімі: 21.02.2020 жылдан бастап 20.03.2020 жылға дейін.

Өтініш берушінің жинақ шотында тұрғын үй құнының 20% мөлшерінде қаражат болған жағдайда Пулсыз несиелік тұрғын үйді сатып алу үшін өтінім бере алады.

Өтініш берушінің жинақ шотында тұрғын үй құнының кемінде 20% мөлшерінде қаражат болған жағдайда алдын ала тұрғын үй заемын алуға өтініш берілуі мүмкін.

Іріктеу мерзімі (төлемқабілеттілігін бағалау): брондау күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде.
Өтінішті Банктің www.baspana.kz интернет-ресурсына беруге болады.
Қолжетімді тұрғын үй бөлімінде өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын, бөлу тәртібімен Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында және Банктің www.baspana.kz интернет ресурсында егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.
Өтініш тек қана Банк салымшыларынан қабылданады.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру