Интернет-банк

baspana.kz

Консультанттар

Нұр-Сұлтан қаласында «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдау арқылы дауыс берудің басталатыны туралы

Нұр-Сұлтан қаласында «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдау арқылы дауыс берудің басталатыны туралы

29 Апреля 2019
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі-Банк) «Кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасына қатысуға өтініштер қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы жобаларын іске асыру үшін дауыс беру туралы хабарлайды.

Нысан: «Астана қаласындағы № 27 және № 36 (жобалық атауы) көшелердің қиылысында жапсарлас салынған орынжайлары бар көп пәтерлі тұрғын үй кешендері», Лот № 1 (4,5 айқындама).

Тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңы Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл өзенінің сол жақ жағалауында, Мәңгілік ел мен Ұлы Дала көшесінің қиылысында орналасқан. Жақын маңайда ҚР Президенті Іс басқармасының Автошаруашылығы РМК бар.

Құрылыстың жоспарланған аяқталу мерзімі: 30.06.2019 жыл.

Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеуде 180 000 теңге.

Жайлылық сыныбы: 3

Пәтер саны: 178,

Пәтер түрі 1-бөлмелі пәтер: 36 пәтер, ең үлкен аумағы 37,09 ш.м.,

Пәтер түрі 2-бөлмелі пәтер: 64 пәтер, ең үлкен аумағы 61,74 ш.м.,

Пәтер түрі 3-бөлмелі пәтер: 50 пәтер, ең үлкен аумағы 81,45 ш.м.,

Пәтер түрі 4-бөлмелі пәтер: 28 пәтер, ең үлкен аумағы 100,77 ш.м.,

Қатысуға өтініш қабылдау мерзімі: 02.05.2019 ж. бастап 22.05.2019 ж. дейін

Ұпайлар есептелінетін күн (Үміткерлерді іріктеу):23.05.2019

Пулға қатысуға арналған өтінішті Банктің интернет-ресурсында беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген үпайлар санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.

Өтініш тек Банк салымшыларынан қабылданады.

«Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасына қатысуға өтініш беру арқылы Банк салымшылары Нысанға және оның әрі қарайғы өткізілуіне дауыс береді.

Нысандағы тұрғын үйлердің кемінде 50%-ы жергілікті атқарушы органда кезекте тұрғандар арасында бөлінеді

Өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында таңдалған пәтер құнының кемінде 20%-ы болғанда алдын ала тұрғын үй заемын алуға өтініш беру мүмкін болады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін Банктің baspana.kz және/немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде толығырақ көре аласыздар.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Байланыс орталығына 300 нөмірі арқылы (ұялы телефоннан тегін) хабарласуыңызды өтінеміз.

Ваш город Алматы?
Да
Нет

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру

Сізбен 30 минуттан кейін хабарласады*
*жұмыс кестесі: жұмыс күндері -
09:00-ден 19:00-ге дейін,
сенбі: 10:00-ден 14:00-ге дейін,
демалыс және мереке күндері - демалыс