Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
«Нұрлы жол» бағдарламасына қатысу үшін өтініштерді қабылдау туралы

«Нұрлы жол» бағдарламасына қатысу үшін өтініштерді қабылдау туралы

24 мамыр 2017
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай-Банк) Жергілікті атқарушы орган арқылы кредиттік тұрғын үй құрылысы бағыты бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасына (әрі қарай - Бағдарлама) қатысу үшін өтініштерді қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы жобаларын іске асыруға дауыс беру туралы хабарлайды.
Нысан: «Арай алқабындағы 80 пәтерлі тұрғын үй», Тараз қаласы, «Арай» алқабы, 3 телім, 4 белгі мекенжайы бойынша орналасқан.
Құрылыстың жоспарлы аяқталу мерзімі: 2017 жылдың мамыр айы.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің бағасы : «таза» әрлеуде 116 000 теңге.
Жайлылық класы: ІІІ
Пәтер саны: 80
Пәтер түрі: 1-1, 1-бөлмелі 5 пәтер, максималды көлемі – 50,84 ш.м.,
Пәтер түрі: 2-1, 2-2, 2-3, 2-4, 2-бөлмелі 25 пәтер, минималды көлемі – 58,22 ш.м., максималды көлемі – 62,85 ш.м.,
Пәтер түрі: 2-1, 2-2, 2-бөлмелі 10 пәтер, минималды көлемі – 73,05 ш.м., максималды көлемі – 73,40 ш.м.,
Пәтер түрі: 2-5, 2-бөлмелі 5 пәтер, максималды көлемі – 83,42 ш.м.,
Пәтер түрі: 3-3, 3-бөлмелі 5 пәтер, максималды көлемі – 82,87 ш.м.,
Пәтер түрі: 3-1, 3-2, 3-бөлмелі 15 пәтер, минималды көлемі – 87,03 ш.м., максималды көлемі – 91,66 ш.м.,
Пәтер түрі: 3-1, 3-3, 3-бөлмелі 10 пәтер, минималды көлемі – 95,44 ш.м., максималды көлемі – 95,51 ш.м.,
Пәтер түрі: 4-1, 4-бөлмелі 5 пәтер, максималды көлемі – 110,69 ш.м.

Қатысу үшін өтініштерді (дауыс беру) қабылдау мерзімі: 2017 жылдың 1 маусымынан бастап 20 маусымына дейін (қоса алғанда).
Баллдарды есептеу күні (үміткерлерді іріктеу) Нысан келісілген жағдайда: 21 маусым 2017 жыл.
Өтінішті Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» беруге болады. Өтініш беру күні және уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Нысандағы тұрғын үйлердің 50%-нан көбі ЖАО кезекте тұрғандар арасында бөлінеді. Әкімдікте кезекте тұрғандар арасынан қатысуға өтініш берген немесе төлемқабілеттілігінің растаған үміткерлер саны жетіспеген жағдайда, тұрғын үй Банк салымшылары қатарынан басқа өтініш берушілер арасында бөлінеді.

«Нұрлы жол» бағдарламасына қатысқан өтініштер, Банктің салымшылары нысанға дауыс береді және оны одан әрі іске асырады. Егер Банкке қабылдау аяқтау күніне дейін өтініштер берілсе:
- Нысанды келісу үшін салымшылардың өтініштерінің саны жеткілікті берілгені, Банктің ішкі құжаттарына сәйкес анықталады, берілген өтініштер бойынша балл есептелінеді;
- салымшылардың өтініштерінің саны жеткіліксіз берілгені, Банктің ішкі құжаттарына сәйкес анықталады.
Толығырақ өтініш берушілерге қойылатын біліктілік талаптарымен танысу, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында "Қолжетімді баспана" бөлімінде көруге болады.
Қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда, 300 нөмірі бойынша (ұялы байланыстан тегін) Банктің Байланыс-орталығына хабарласуларыңызға болады.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру