Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
«Нұрлы жол» бағдарламасына қатысу үшін өтініштерді қабылдау арқылы дауыс беру басталғаны туралы

«Нұрлы жол» бағдарламасына қатысу үшін өтініштерді қабылдау арқылы дауыс беру басталғаны туралы

3 сәуір 2017
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай-Банк) Жергілікті атқарушы органдар (әрі қарай - ЖАО) арқылы кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасына (әрі қарай - Бағдарлама) қатысу үшін өтініштерді қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы жобаларын іске асыруға дауыс беру туралы хабарлайды.
Нысан: «Павлодар қаласы, «Сарыарқа» шағын ауданында орналасқан 9 қабатты №4 тұрғын үй құрылысы («Сарыарқа» шағын ауданы)».
Құрылыстың жоспарлы аяқталу мерзімі: маусым 2017 жыл.
«Таза» әрленген тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: 140 000 теңге.
Жайлылық класы: IV
Пәтер саны: 54,
Пәтер түрі 2-бөлмелі: 36 пәтер, ең жоғарғы аумағы – 60,36 ш.м.;
Пәтер түрі 3-бөлмелі: 18 пәтер, ең жоғарғы аумағы – 77,72 ш.м.;
Жобаға қатысу үшін өтініш беру мерзімі: 2017 жылғы 07 сәуір айынан бастап 07 мамыр айына
дейін.
Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау) (Нысанды келіскен жағдайда): 10 мамыр 2017 жыл.
Өтінішті Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» беруге болады. Өтініш беру күні және уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Нысандағы тұрғын үйдің 50% -ынан кем емесі ЖАО-да кезекте тұрған адамдар арасында бөлінеді.
Қатысуға өтініш берген немесе іріктеуден өткен ЖАО-да кезекте тұрған адамдар саны жеткілікті болмаған жағдайда, тұрғын үйлер яғни Банк салымшыларының басқа өтініш берушілері арасында бөлінеді.
Банк салымшылары Бағдарламаға қатысу үшін өтініш беру арқылы Нысанды іске асыруға келісу үшін дауыс береді. Нысанды келісу кезінде, салымшылардың өтініштері әрі қарай Бағдарламаға қатысу үшін қабылданады. Банктің ішкі құжаттарына сәйкес салымшылардың өтініштерінің саны Нысанды келісу үшін өтініштерді қабылдауды аяқтау күніне дейін Банкке жеткілікті түрде берілмесе, берілген өтініштердің автоматты түрде күші жойылады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.
Қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда Банктің Байланыс-орталығына хабарласуыңызды сұраймыз.
Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру