Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
«Нұрлы жол» бағдарламасына қатысу үшін өтініштерді қабылдау арқылы дауыс беру басталғаны туралы

«Нұрлы жол» бағдарламасына қатысу үшін өтініштерді қабылдау арқылы дауыс беру басталғаны туралы

6 февраля 2017
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай-Банк) «Бәйтерек девелопмент» АҚ арқылы кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасына (әрі қарай - Бағдарлама) қатысу үшін өтініштерді қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы жобаларын іске асыруға дауыс беру туралы хабарлайды.

Нысан: Алматы қ. Алатау ауд. Б. Момышұлы көшесі мен Рысқұлов даңғылы қиылысында орналасқан «9 қабатты 72 пәтерлік тұрғын үйлер».

Құрылыстың жоспарлы аяқталу мерзімі: 2017 жылдың қыркүйек айы.
«Таза» әрленген тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: 203 898 теңге.
Жайлылық класы: ІІІ
Пәтер саны: 108
1-бөлмелі пәтер түрі: 36 пәтер, максималды көлемі – 39,40 ш.м.,
1-бөлмелі пәтер түрі: 36 пәтер, максималды көлемі – 48,65 ш.м.,
2-бөлмелі пәтер түрі: 36 пәтер, максималды көлемі – 67,60 ш.м.,
Жобаға қатысу үшін өтініш беру мерзімі: 2017 жылғы 8 ақпаннан бастап 21 ақпанды қоса алғандағы мерзімге дейін.

Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау) (Нысанды келіскен жағдайда) : 22 ақпан 2017 жыл.

Өтінішті Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» беруге болады. Өтініш беру күні және уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.

Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.

Банк салымшылары Бағдарламаға қатысу үшін өтініш беру арқылы Нысанды іске асыруға келісу үшін дауыс береді. Нысанды келісу кезінде, салымшылардың өтініштері әрі қарай Бағдарламаға қатысу үшін қабылданады. Банктің ішкі құжаттарына сәйкес салымшылардың өтініштерінің саны Нысанды келісу үшін өтініштерді қабылдауды аяқтау күніне дейін Банкке жеткілікті түрде берілмесе, берілген өтініштердің автоматты түрде күші жойылады.

Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.

Қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда Банктің Байланыс-орталығына хабарласуыңызды сұраймыз.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру