Интернет-банк

baspana.kz

Консультанттар

Бөлімшелер мен терминалдар

Регион

«Нұрлы жол» Бағдарламасына қатысуға дауыс беру үшін өтініш қабылдау басталғаны туралы

«Нұрлы жол» Бағдарламасына қатысуға дауыс беру үшін өтініш қабылдау басталғаны туралы

11 Апреля 2017
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі - Банк) «Жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі - ЖАО) арқылы несиелік тұрғын үйлердің құрылысы» бағыты бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасына (бұдан әрі - Бағдарлама) қатысу үшін өтініштерді қабылдау жолымен тұрғын үй құрылысының жобаларын жүзеге асыру үшін дауыс беру басталғаны туралы хабарлайды.

Нысан: «100 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй», Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, «Береке» ы.а., Уральская көшесі, 32 үй мекенжайы бойынша орналасқан.
Құрылыстың жоспарлы аяқталу мерзімі: мамыр 2017 жыл.
«Таза» әрленген тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы 115 000 теңге.
Жайлылық класы: ІV
Пәтер саны: 100,
Пәтер түрі 1 - бөлмелі: 30 пәтер, ең жоғарғы аумағы – 44,47 ш.м.;
Пәтер түрі 2 - бөлмелі: 42 пәтер, ең жоғарғы аумағы – 55,63 ш.м.;
Пәтер түрі 3 - бөлмелі: 28 пәтер, ең жоғарғы аумағы – 70,09 ш.м.;

Бағдарламаға қатысу үшін өтініштерді қабылдау мерзімі: 12.04.2017. бастап 09.05.2017ж. дейін
Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау) (Нысан келісілген жағдайда): 10.05.2017ж.

Өтініштерді Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Интернет-банкингте» беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты, берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініш тек Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Нысандағы тұрғын үйлердің 50% -дан кем емес бөлігі ЖАО –ның кезегіндегілерге үлестіріледі. Қатысуға өтініш берген немесе квалификациядан өткен ЖАО-ның кезегіндегілер көлемі жетіспеген жағдайда, баспана Банк салымшылары арасынан өтініш бергендерге үлестіріледі.
Бағдарламаға қатысуға өтініш беру жолымен, Банк салымшылары нысанның өткізілуін ұйғару үшін дауыс береді. Нысанды ұйғару кезінде, салымшылардың берген өтініштері ары қарай бағдарламаға қатысу үшін қабылданады.
Банктің ішкі құжаттарына сәйкес, егер де Банк өтініштерді қабылдаудың соңғы күніне дейін нысанды ұйғару үшін салымшылардан жеткілікті көлемде өтініш қабылдай алмаса, берілген өтініштер автоматты түрде күшін жояды.
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында құрылыс нысанының сипаттамасымен толығырақ танысуға, әсіресе, ғимараттың қасбетін және пәтерлердің жобалануын көруге болады.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Колл-Центр қызметіне хабарласуға болады.



Ваш город Алматы?
Да
Нет

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!