«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Атырауда 135 пәтер пайдалануға берілді | Атырау қаласында тұратын 135 отбасы бүгін жаңа пәтерлердің кілтін алды. «Бәйтерек» Ұлттық Басқарушы холдингі  жүргізіп отырған «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында Алмагүл ықшамауданында көп пәтерлі 3 үй пайдалануға берілді.  
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Атырауда 135 пәтер пайдалануға берілді

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Атырауда 135 пәтер пайдалануға берілді

26 маусым 2015

Атырау қаласында тұратын 135 отбасы бүгін жаңа пәтерлердің кілтін алды. «Бәйтерек» Ұлттық Басқарушы холдингі  жүргізіп отырған «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында Алмагүл ықшамауданында көп пәтерлі 3 үй пайдалануға берілді.  
Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы ауданы – 10 мың шаршы метр. Бұл – жалпы құны 1 080 млн.теңге (оның 110 млн теңгесі ҚР Ұлттық қорынан бөлінген) болатын 30, 45 және 60 пәтерлі үйлер. 20 бір бөлмелі, 45 екі бөлмелі және 70 үш бөлмелі пәтерлер ҚТҚЖБ желісі бойынша «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағытымен бағдарламаға қатысушыларға берілді. Бір шаршы метрінің бағасы – 111 502 теңге. 
Биылғы жылдың аяғына дейін ҚТҚЖБ желісі бойынша «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағытымен тағы да 400 пәтерлік және «Жас отбасыға арналған тұрғын үй» бағытымен 90 пәтерлік 13 үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. 
Бүгінде жалпы құны 733 млн. теңге, ауданы 8,3 мың шаршы метр болатын, 120 пәтерлі 2 тұрғын үй пайдалануға берілген. 
«Бәйтерек» холдингі Қазақстанның барлық өңірлерінде халықтың қалың жігін тұрғын үймен қамтамасыз етуде «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жұмысын жоспарлы түрде жасап келеді.  

Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру